Жетісу облысының ТЖД көпбалалы отбасыларға профилактикалық акция өткізді

    1 / 4

    Өрт қауіпсіздігі онкүндігі аясында Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Көксу ауданының көпбалалы отбасыларына барды. Кездесу барысында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, балаларға қуаныш сыйлаған жылы жүздесу өтті.

    Мамандар ата-аналармен бірге тұрғын үйлерді аралап, ықтимал қауіп көздерін анықтауға назар аударды және улы газды анықтайтын датчиктер орнатты. Сонымен қатар, ересектерге өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, өрт шыққан жағдайда дұрыс әрекет ету және төтенше жағдай кезінде сақталуы тиіс ережелер еске салынды.

    Балаларға да ерекше көңіл бөлінді. Оларға арнайы сыйлықтар табысталып, қуанышқа бөленді. Мұндай кездесулер тұрғындардың қауіпсіздік ережелері туралы хабардарлығын арттырып қана қоймай, құтқарушылар мен халық арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді.

    Өрт қауіпсіздігі онкүндігі аясындағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Тұрғындармен жаңа кездесулер өткізіліп, өрттің алдын алуға және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

    Басты мақсат – әр отбасының қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз ету.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары