ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшелері АлиИслам Байхадам және Алдаберген Нұрқанат Нұрлыбекұлы, Сараптамалық кеңес мүшесі Света Сәтбайқызы Сәтбаева және «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының мүшелері Қызылорда облысының білім басқармасының «Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілерімен бірлескен кездесу өткізді.
    Кездесу барысында жастардың әлеуметтік бейімделуі, құқықтық сауаттылығы, жеке жауапкершілігі және қоғамдағы белсенділігі мәселелері талқыланды.
    Сонымен қатар тәрбиеленушілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу барысында жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі" жаңалықтары