Ажар Асхат Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Ажар Асхат Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX Жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болды.

    Жарыс барысында Ажар Асхат алғашқы айналымда Таиланд өкілін жеңіп, ширек финалда Қытай Тайпейі спортшысынан басым түсті. Жартылай финалда Моңғолия спортшысын ұтып, финалға жолдама алды. Ал шешуші белдесуде Жапония спортшысына есе жіберіп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

    Бұл – Абай облысы спорты үшін маңызды жетістіктердің бірі. Спортшының табандылығы мен шеберлігінің нәтижесінде ел қоржынына кезекті жүлде қосылды.

    Айта кетейік, XX Жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтуде. Байрақты додаға Азияның 45 елі мен аумағынан спортшылар қатысып, 43 спорт түрінен бақ сынауда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының әкімдігі" жаңалықтары