Астанада жылу беру маусымы басталады

    Астанада жылу беру маусымы басталады

    Астанада 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы 2 қазанда басталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    «Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, 2026 жылғы 2 қазаннан бастап 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы басталады», – деп хабарлады «Астана-Теплотранзит» АҚ.

    2 қазаннан бастап елордада жылу кезең-кезеңімен беріледі. Барлық нысанды жылуға алдағы бірнеше күн ішінде толық қосу жоспарланып отыр.
    Кәсіпорын жылыту кезеңінде жұмыс істеуге, сондай-ақ елорда тұтынушыларына жылу энергиясын сенімді тасымалдау мен таратуды қамтамасыз етуге дайын.

    Жылыту маусымына дайындық аясында қалада қажетті іс-шаралар кешені жүргізілді. Атап айтқанда, жылу желілері гидравликалық сынақтан өткізілді, жөндеу жұмыстары орындалды, анықталған ақаулар жойылып, жабдықтар дайындалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары