
Бүгін, 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшы міндетін атқарушысы Б. Кемалов пен департамент ұжымы Маңғыстау облысының қарттар үйіне барып, мерекелік іс-шараға қатысты.
Іс-шара барысында департамент ұжымы қарттармен жүздесіп, ізгі тілектерін білдіріп, мерекеге орай сыйлықтар табыстады.
Қарттар күні – аға буынға құрмет көрсетіп, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін бағалайтын ерекше күн.
Құрметті ардақты қариялар!
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Әрдайым ел-жұрттың құрметіне бөленіп, жақындарыңыздың мейірімі мен қамқорлығын сезініп жүріңіздер!









