🔹Еңбек кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

    1 / 2

    2026 жылғы 25 қарашада Түпқараған ауданында Түпқараған ауданы әкімдігі ұжымының қатысуымен «Еңбек кодексі: өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар өтті.

    Іс-шараға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы А.Қонарбаев, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы Ә.Ермұқанов және аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері қатысты.

    Семинар барысында еңбек заңнамасындағы жаңашылдықтар, Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастары, сондай-ақ жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.

    Мұндай семинарлардың басты мақсаты – еңбек заңнамасындағы жаңалықтарды түсіндіру, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек дауларының алдын алу және жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы өзара түсіністікті нығайту.

    Еңбек құқықтарын қорғау – заң талаптарын сақтаудан басталады!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары