Хабарландыру

    « Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты»КММ қоғамдық медиаторларды сайлау туралы құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлайды.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі қоғамдық медиаторларды сайлау туралы хабарландыру жарияланған күнінен кейін 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

    Қоғамдық медиатор сайлау үшін құжаттарды облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округі әкімінің аппаратына мынадай тәсілдердің бірімен:

    1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы және (немесе) қолма-қол қағаз немесе электрондық тасығыштар арқылы;

    2) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында "Электрондық өтініш" ақпараттық-талдамалық жүйе арқылы;

    3) қоғамдық медиаторды сайлау туралы хабарландыруда көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді.

    Қоғамдық медиаторды сайлауға қатысуға ниет білдірген үміткерлер осы Қағидалардың4-тармағында көрсетілген мерзімде облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округі әкімінің аппаратына мынадай құжаттарды тапсырады:

    1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

    2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

    3) заңды мекенжайы туралы мәлімет;

    4) байланыс деректері (пошта немесе электрондық мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі);

    5) медиатордың маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;

    6) медиатордың медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер;

    7) үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамалар;

    8) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Чистополь ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары