Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру

    1 / 3
    Құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ауылдық округ тұрғындары арасында, сондай-ақ округтегі ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпараттық жадынамалар таратылды.
    Материалдарда заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру қажеттілігі туралы ақпарат қамтылған.
    Жүргізіліп жатқан жұмыс азаматтар мен ұйым қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға, сонымен қатар заңдылық, әділдік пен парасаттылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Чистополь ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары