Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Чистополь ауылдық округі әкімінің аппараты
Ауылдық округ 1998 жылы құрылған.
Аумағы -1347,6 шаршы км.
Округ бюджеті 2024 жылға- 86,116000 мың теңгені құрайды
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 2590 адамды құрайды. Оның ішінде ерлер -1293 адам, әйелдер -1297 адам.
Әкімнің аппаратын әкім басқарады.
Әкімнің өкілеттіктері:
әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтiң авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;
Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.
Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Жаңалықтар
АшуАумақты тазалау және су өткізу құбырларын бекіту (жабу) жұмыстары .
АшуСыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру
АшуМемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша брошюралар таратты
eGov Mobile мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа форматына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі
АшуГүлзарларды тазарту және оларды қысқы кезеңге дайындау жұмыстары
АшуҚатты тұрмыстық қалдықтарды үймелеу жұмыстары
Құжаттар
Хабарлама
Хабарлама Конкурсты ұйымдастырушы:Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру, ауыл шаруашылығын жүргізуде ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жер учаскелерін ұсыну, мемлекет меншігіндегі және 15 жылдық мерзімге жерді пайдалануға ұсынылмағандығы бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер комиссиясыменҚазақстан Республикасы Жер Кодексінің43 бабының 2 тармағына, 43-1 бабына, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығынасәйкес өткізіледі. Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны:конкурс 2026 жылы «2» желтоқсан 10 сағат 00 минутта Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимское ауылы, Абылайхан көшесі, 28 мекен-жайы бойынша Ғабит Мүсірепов ауданы әкімдігінің ғимаратында 1-қабат әкімдік мәжіліс залында өтеді. Жергілікті атқарушы орган хабарлама (хабарландыру) бірінші жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 11 қарашасынан бастап 2026 жылдың 1 желтоқсанын қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер Новоишим аулы Абылайхан көшесі, 28 мекен-жайы бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 1-қабаты, 2 кабинетінде қабылданады (жалпы бөлім). Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, өтініш беруші – заңды тұлғаның жарғылық капиталдағы үлесінің (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) мөлшерін көрсете отырып, басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, Өтініш берушінің тазартылған тұлғалары туралы мәліметтер; 2) Жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, ЖСН, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер; 3) өтiнiш берушi талап еткен жердiң орналасқан жерi; 4) конкурстық ұсыныс; 5) Өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, аталған шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шаруа, фермер қожалығы немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу жөніндегі міндеттемелер. Конкурсқа қатысуға өтінімді ҚР заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде жеке тұлғаның немесе ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғаның уәкілетті өкілдері ұсына алады. Конкурстық ұсыныс мыналарды қамтуы тиіс: 1)бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы мал басы, қолданылатын Агротехнология, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны); 2)шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер; 3)ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, ҚРЖер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияны сақтау, фитосанитариялық және карантиндік талаптар бойынша міндеттемелер. Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады. Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынылады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе Сенімді өкіл) үшін — қатысушының қолымен және «электрондық үкімет» веб — порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар үшін-бірінші басшының (немесе Сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі Конкурс»және «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» деген жазулар көрсетіледі және «_________ жылғы «_» дейін ашуға болмайды» (нақты күні көрсетіледі). Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбау тиіс. Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады. Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізбесі Лот № Жер учаске№ (өріс) Жеручаскесініңқысқашасипаттамасы (алқаптардыңқұрамы мен түрлері) Ауданы, га Бонитет балы Жалдау мерзімі,жыл Жеручаскесініңорналасқанжері (шаруашылықжәнеауданорталығынанорташақашықтық) 1 7 кор, 2 кос, №7-3, №7-4, 2 кос Жалпы ауданы 143 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 142 га, жолдар 1 га, учаске шекараларында бөгде жер пайдаланушылар (меншік иелері) «Ақан сері орман шаруашылығы» СҚОА СҚОТР ж ТПРБ - 29 га 143 21,5 15жыл Тахтабродауылдық округі (135км) 2 №16 Жалпы ауданы46га, оның ішіндеегістік46га 46 54,6 15жыл Тахтабродауылдық округі (130км) 3 №23, 4-6 инд Жалпы ауданы88га, оның ішіндеегістік59га, табиғи жайылымдар 29 га 88 45,1 15 жыл Тахтабродауылдық округі (130 км) 4 №11 Жалпы ауданы 275 га, оның ішінде егістік 274 га, жолдар 1 га 275 49 15 жыл Тахтабродауылдық округі (140 км) 5 №23 Жалпы ауданы 102,4 га, оның ішінде егістік 101 га, табиғи жайылымдар 1 га, жолдар 0,4 га 102,4 58 15жыл Тахтабродауылдық округі (135км)
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 36-15 «2026-2028 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистопол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
мәслихатының 2025 жылғы24 желтоқсандағы № 36-15 «2026-2028 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданыЧистопол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 36-15 «2026-2028 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистопол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2026-2028 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистопол ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1,2 және 3 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 263 047,4 мың теңге: салықтық түсімдер – 42 599мың теңге;салықтық емес түсімдер – 528 мың теңге ;негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 077 мың теңге;трансферттер түсімі – 211 843,4мың теңге;2) шығындар – 266 038,3мың теңге;3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; 4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0: қаржылық активтерін сатып алу – 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті)– -2 990,9мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 990,9мың теңге; қарыздар түсімі – 0; қарыздарды өтеу – 0; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –2 990,9 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2026жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша 2026 жылғы 3 тоқсанда жұмыс қорытындылары туралы есепке талдау анықтамасы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, «Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді: Жер учаскесін жеке меншікке біржола немесе бөліп төлеу арқылы сату; Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін құқықтарды алу; Жер учаскесін алу үшін кезекке қою; Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру; Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту. 2026 жылдың 3 тоқсанында 5 Мемлекеттік қызмет көрсетілді: - 1 «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі. Бұл қызметті көрсетілетін қызметті беруші 2026 жылғы шілдеде қағаз нысанда көрсетті (7-қосымшаға сәйкес 8.2-тармақ). -2 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» Мемлекеттік қызметі. Бұл қызметтерді көрсетілетін қызметті беруші 2026 жылғы шілде, тамыз айларында көрсетті (8.2-тармақтың 7-қосымшасына сәйкес). - 2 «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі. Бұл қызметтерді көрсетілетін қызметті беруші 2026 жылғы шілдеде, қыркүйекте көрсетті (8.2-тармақтың 7-қосымшасына сәйкес). Сонымен қатар, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 2026 жылдың 3 тоқсанында 223 қызмет көрсетілді. Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 3 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді (жалпы қамту – 40 адам), оның ішінде:— Чистопол ауылдық округіндегі өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы электрондық үкімет порталында (ЭҮП) жұмыс істеуге үйрету бойынша 3 сабақ өткізілді. 2026 жылғы 3 шілде – 17 адам қатысты https://www.facebook.com/photo?fbid=1516600716864122&set=pcb.1516600976864096&locale=ru_RU 2026 жылғы 31 тамыз – 8 адам қатысты, https://www.facebook.com/photo?fbid=1565655621958631&set=a.103651598159048&locale=ru_RU 2026 жылғы 24 қыркүйек – 15 адам қатысты. https://www.facebook.com/photo/?fbid=1586032033254323&set=pcb.1586032136587646&locale=ru_RU 2026 жылғы 13 тамызда «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің интернет-конференциясы өткізілді: сілтеме https://www.facebook.com/photo/?fbid=1549426693581524&set=a.103651598159048&locale=ru_RU 2026 жылғы 29-30 шілдеде ауылдық округ әкімдігінің мамандарымен Мемлекеттік қызметтер бойынша брошюралар таратылды: жылжымайтын мүлік иесі емес азаматтарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу"; «тұрғылықты жері бойынша 14 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды тіркеу» 500 дана. https://www.facebook.com/photo/?fbid=1538492371341623&set=pcb.1538492861341574&locale=ru_RU Ауылдық округ әкімдігі ғимаратының фойесіндегі стендтерде «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистополь ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ көрсететін мемлекеттік қызметтердің қағидалары, сондай-ақ мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған: - https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-chistopolye/activities/39057?lang=ru Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы («ConnectionPoint») ұйымдастырылған.
Хабарлама
Хабарлама Конкурсты ұйымдастырушы:Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру, ауыл шаруашылығын жүргізуде ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жер учаскелерін ұсыну, мемлекет меншігіндегі және 15 жылдық мерзімге жерді пайдалануға ұсынылмағандығы бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер комиссиясымен Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43 бабының 2 тармағына, 43-1 бабына, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес өткізіледі. Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс 2026 жылы «21» қазанда 15 сағат 00 минутта Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимское ауылы, Абылайхан көшесі, 28 мекен-жайы бойынша Ғабит Мүсірепов ауданы әкімдігінің ғимаратында 1-қабат әкімдік мәжіліс залында өтеді. Жергілікті атқарушы орган хабарлама (хабарландыру) бірінші жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 2026 жылдың 20 қазанын қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер Новоишим аулы Абылайхан көшесі, 28 мекен-жайы бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 1-қабаты, 2 кабинетінде қабылданады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, өтініш беруші – заңды тұлғаның жарғылық капиталдағы үлесінің (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) мөлшерін көрсете отырып, басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, Өтініш берушінің тазартылған тұлғалары туралы мәліметтер; 2) Жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, ЖСН, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер; 3) өтiнiш берушi талап еткен жердiң орналасқан жерi; 4) конкурстық ұсыныс; 5)банк кепілдігі немесе қаржы институты кредит комитетінің тартылатын инвестициялардың көлемін растау туралы оң шешімі; Өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, аталған шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шаруа, фермер қожалығы немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу жөніндегі міндеттемелер. Конкурсқа қатысуға өтінімді ҚР заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде жеке тұлғаның немесе ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғаның уәкілетті өкілдері ұсына алады. Конкурстық ұсыныс мыналарды қамтуы тиіс: бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы мал басы, қолданылатын Агротехнология, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны); шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, ҚР Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияны сақтау, фитосанитариялық және карантиндік талаптар бойынша міндеттемелер. Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады. Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынылады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе Сенімді өкіл) үшін — қатысушының қолымен және «электрондық үкімет» веб — порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар үшін-бірінші басшының (немесе Сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі Конкурс» және «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» деген жазулар көрсетіледі және «_________ жылғы «_» дейін ашуға болмайды» (нақты күні көрсетіледі). Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбау тиіс. Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады. Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізбесі Лот № Жер учаске№ (өріс) Жеручаскесініңқысқашасипаттамасы (алқаптардыңқұрамы мен түрлері) Ауданы, га Бонитет балы Жалдау мерзімі,жыл Жеручаскесініңорналасқанжері (шаруашылықжәнеауданорталығынанорташақашықтық) 1 №29, №30 Жалпы ауданы 91,4 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 91,4 га 91,4 24 15 жыл Чистопол ауылдық округі (120 км) 2 №8-4, №1-7, №3-2 Жалпы ауданы 111 га, оның ішінде жақсартылған жайылымдар 111 га 111 13 15 жыл Чистопол ауылдық округі (115 км) 3 кос, кос, кос Г-3, №49 Жалпы ауданы 157 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 156,6 га, жолдар 0,4 га, учаске шекараларында бөгде жер пайдаланушылар (меншік иелері) «Ақан сері орман шаруашылығы» СҚОА СҚОТР ж ТПРБ - 7,7 га 157 25 15 жыл Нежинка ауылдық округі (50 км) 4 Г8мол Жалпы ауданы 442 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 442 га 442 10 15 жыл Чистопол ауылдық округі (125 км) 5 №14-3, т1-пош Жалпы ауданы 519 га, оның ішінде жақсартылған жайылымдар 22 га, табиғи жайылымдар 496 га, жолдар 1 га 519 12 15 жыл Чистопол ауылдық округі (125 км)
2026 жылдың 3 тоқсанында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша талдамалық ақпарат
2026 жылдың ІІІ тоқсанында «Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не 24 өтініш түсті.Өтініш берушілердің құрылымында жеке тұлғалар басым — 17 өтініш (70,8%), заңды тұлғалардың үлесі 7-еуді (29,2%) құрады. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (ол кезде 19 өтініш тіркелген болатын: 15 — жеке тұлғалардан және 4 — заңды тұлғалардан), өтініштердің жалпы саны 5 бірлікке (немесе 26,3%-ға) артты. Белсенділіктің өсуі азаматтар арасында да (+2), ұйымдар арасында да (+3) байқалады. Есепті кезеңде заңды тұлғалардан түскен 7 өтініштің 2-уі келесі негіздер бойынша қараудан алынып тасталды: 1 өтініш — өтініш беруші тарапынан ресми түрде қайтарып алынды; 1 өтініш — ведомстволық бағыныстылығы бойынша басқа электрондық құжат айналымы жүйесіне (ІСЖ) қайта жолданды. 2. Түскен сұрақтардың сипатына талдау Тұрғындар мен заңды тұлғалар үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары салалары ең көп сұранысқа ие тақырыптар болып қала береді: Жеке тұлғалардың өтініштері (барлығы 17): Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық — 5 өтініш; Жерді пайдалану және жер қатынастары — 4 өтініш; Өзге де сұрақтар — 8 өтініш. Заңды тұлғалардың өтініштері (барлығы 7): Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық — 4 өтініш; Жерді пайдалану — 1 өтініш; Басқа ІСЖ жүйесіне ауыстырылды — 1 өтініш (тіркеу кезеңінде); Өтініш беруші тарапынан ресми түрде қайтарып алынды — 1 өтініш. 3. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру 2026 жылдың басынан бері округ әкімі аппаратының басшылығымен 8 жеке қабылдау өткізіліп, онда 8 адам қабылданды. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (10 адам), жеке қабылдауға жүгінгендер санының 2 адамға сәл төмендегені байқалады. Қабылдауға келген барлық азаматтарға кездесулер барысында толық жауаптар мен құқықтық кеңестер берілді, ал қосымша уақытты қажет ететін мәселелер ерекше бақылауға алынды. Өткізілген жеке қабылдаулар ресми интернет-ресурста жарияланады, азаматтарды қабылдаудың бекітілген кестесі аудандық БАҚ-та жарияланады, сондай-ақ сайтта орналастырылады. Чистопол ауылдық округіәкімдігі ғимаратының фойесінде Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі орналасқан. Ауылдық округ әкімінің аппараты жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау, азаматтарды қабылдау сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Азаматтардың барлық өтініштері «e-Otinish» бағдарламасына енгізілді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қаралады, мерзімдерді бұзуға жол берілмеді.
2026 жылдың 2 тоқсанында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша талдамалық ақпарат
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ-не 2026 жылдың II тоқсанында 14 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан — 12, заңды тұлғалардан — 2. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (жеке тұлғалардан 9 өтініш, заңды тұлғалардан — 2 өтініш түскен болатын), өтініштердің жалпы саны 3 бірлікке артты. Өтініштердің сипаты бойынша жеке тұлғалардан ең көп сұрақтар жер пайдалану — 4 және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық — 3 мәселелері бойынша келіп түсті. Заңды тұлғалардан 2 өтініш түсті, олар да жер пайдалану мәселелеріне қатысты болды. Ағымдағы жылдың басынан бастап әкім аппаратында азаматтарды 6 жеке қабылдау өткізіліп, онда 6 адам қабылданды. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қабылданған азаматтардың саны 1 адамға азайды (2025 жылы — 7 адам). Өткізілген жеке қабылдаулар ресми интернет-ресурста жарияланады, азаматтарды қабылдаудың бекітілген кестесі аудандық БАҚ-та жарияланады, сондай-ақ сайтта орналастырылады. Чистопол ауылдық округіәкімдігі ғимаратының фойесінде Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі орналасқан. Ауылдық округ әкімінің аппараты жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау, азаматтарды қабылдау сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Азаматтардың барлық өтініштері «e-Otinish» бағдарламасына енгізілді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қаралады, мерзімдерді бұзуға жол берілмеді.