Хабарлама

    Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Чистополь ауылдық округі әкімінің аппараты

    Хабарлама

    Конкурсты ұйымдастырушы:Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру, ауыл шаруашылығын жүргізуде ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жер учаскелерін ұсыну, мемлекет меншігіндегі және 15 жылдық мерзімге жерді пайдалануға ұсынылмағандығы бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жер комиссиясыменҚазақстан Республикасы Жер Кодексінің43 бабының 2 тармағына, 43-1 бабына, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығынасәйкес өткізіледі.

    Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны:конкурс 2026 жылы «2» желтоқсан 10 сағат 00 минутта Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимское ауылы, Абылайхан көшесі, 28 мекен-жайы бойынша Ғабит Мүсірепов ауданы әкімдігінің ғимаратында 1-қабат әкімдік мәжіліс залында өтеді.

    Жергілікті атқарушы орган хабарлама (хабарландыру) бірінші жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 11 қарашасынан бастап 2026 жылдың 1 желтоқсанын қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер Новоишим аулы Абылайхан көшесі, 28 мекен-жайы бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 1-қабаты, 2 кабинетінде қабылданады (жалпы бөлім). Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім:

    1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, өтініш беруші – заңды тұлғаның жарғылық капиталдағы үлесінің (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) мөлшерін көрсете отырып, басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, Өтініш берушінің тазартылған тұлғалары туралы мәліметтер;

    2) Жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, ЖСН, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

    3) өтiнiш берушi талап еткен жердiң орналасқан жерi;

    4) конкурстық ұсыныс;

    5) Өтініш беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, аталған шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шаруа, фермер қожалығы немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу жөніндегі міндеттемелер.

    Конкурсқа қатысуға өтінімді ҚР заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхат негізінде жеке тұлғаның немесе ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғаның уәкілетті өкілдері ұсына алады.

    Конкурстық ұсыныс мыналарды қамтуы тиіс:

    1)бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы мал басы, қолданылатын Агротехнология, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

    2)шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттемелер;

    3)ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, ҚРЖер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияны сақтау, фитосанитариялық және карантиндік талаптар бойынша міндеттемелер.

    Өтініш беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

    Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынылады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе Сенімді өкіл) үшін — қатысушының қолымен және «электрондық үкімет» веб — порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалар үшін-бірінші басшының (немесе Сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

    Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ендірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

    Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі Конкурс»және «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» деген жазулар көрсетіледі және «_________ жылғы «_» дейін ашуға болмайды» (нақты күні көрсетіледі).

    Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбау тиіс.

    Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінімнің өзі сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.

    Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

    Конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің тізбесі

    Лот

    №

    Жер

    учаске№ (өріс)

    Жеручаскесініңқысқашасипаттамасы

    (алқаптардыңқұрамы мен түрлері)

    Ауданы, га

    Бонитет балы

    Жалдау мерзімі,жыл

    Жеручаскесініңорналасқанжері (шаруашылықжәнеауданорталығынанорташақашықтық)

    1

    7 кор, 2 кос, №7-3, №7-4, 2 кос

    Жалпы ауданы 143 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 142 га, жолдар 1 га, учаске шекараларында бөгде жер пайдаланушылар (меншік иелері) «Ақан сері орман шаруашылығы» СҚОА СҚОТР ж ТПРБ - 29 га

    143

    21,5

    15жыл

    Тахтабродауылдық округі

    (135км)

    2

    №16

    Жалпы ауданы46га, оның ішіндеегістік46га

    46

    54,6

    15жыл

    Тахтабродауылдық округі

    (130км)

    3

    №23, 4-6 инд

    Жалпы ауданы88га, оның ішіндеегістік59га, табиғи жайылымдар 29 га

    88

    45,1

    15 жыл

    Тахтабродауылдық округі

    (130 км)

    4

    №11

    Жалпы ауданы 275 га, оның ішінде егістік 274 га, жолдар 1 га

    275

    49

    15 жыл

    Тахтабродауылдық округі

    (140 км)

    5

    №23

    Жалпы ауданы 102,4 га, оның ішінде егістік 101 га, табиғи жайылымдар 1 га, жолдар 0,4 га

    102,4

    58

    15жыл

    Тахтабродауылдық округі

    (135км)

    Жүктеу
    Извещение
    DOCX · 29 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Басқа

    Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 36-15 «2026-2028 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистопол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    мәслихатының 2025 жылғы24 желтоқсандағы № 36-15 «2026-2028 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданыЧистопол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облыс...

    Есеп

    Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша 2026 жылғы 3 тоқсанда жұмыс қорытындылары туралы есепке талдау анықтамасы

    Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, «Чистопол ауылдық округі әкімін...

    Ақпарат

    Хабарлама

    Хабарлама Конкурсты ұйымдастырушы:Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер...

    Есеп

    2026 жылдың 3 тоқсанында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша талдамалық ақпарат

    2026 жылдың ІІІ тоқсанында «Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не 24 өтініш түсті.Өтініш берушілердің құрылымында жеке тұлғалар басым — 17 өтініш (70,8%), заңды тұлғалардың үлесі 7-еуді (29,2%) құрады. 2025 ж...

    Есеп

    2026 жылдың 2 тоқсанында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша талдамалық ақпарат

    «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ-не 2026 жылдың II тоқсанында 14 өтініш түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан — 12, заңды тұлғалардан — 2. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыс...

    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Солтүстік Қа...

    Жоспар

    «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспары

    № п/п Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылара бойынша ұсынымдар Іс-шара Аяқтау нысыны Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі 1 СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің 2026 ж...

    Анықтама

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметінде ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    КІРІСПЕ БӨЛІМ «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 30-ө «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның...