КІРІСПЕ БӨЛІМ
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 30-ө «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылғы 4 мамырдан 15 маусымға дейін жүргізілді.
Ішкі талдаумен «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі аппараты әкімдігі» КММ-нің 2024 жылғы 6 мамырдан 2025 жылғы 5 мамырға дейінгі жұмыс кезеңі қамтылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес жүргізілді.
Келесі құрамда әкім аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы бекітілді:
Молдахметова Ботагөз Сансызбайқызы-Чистопол ауылдық округінің бас маманы;
Игибаева Ақнұр Төлешқызы - Чистопол ауылдық округінің бас маманы;
Баукенова Айсұлу Ахетқызы - Чистопол ауылдық округінің бас маманы;
Подмастерец Ольга Сергеевна - Чистопол ауылдық округінің бас маманы;
Ашинбрейнер Эльвира Викторовна-Чистопол ауылдық округінің Қоғамдық кеңес төрағасы;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
- Чистопол ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде, аппарат қызметіне қатысты ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Чистопол ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сипаттама бөлігі:
- Чистопол ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде, аппарат қызметіне қатысты ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
1.1 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мәні аппараттың барлық салаларының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері және ұйымдық-басқару қызметінде туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға байланысты әкім аппаратының қызметіне қатысты анықталған тәуекелдер саны – 2 (бірлік).
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ауылдық округ әкімінің шешімдерімен және өкімдерімен рәсімделетін актілерді қабылдайды. 2025 жылғы 6 мамыр мен 2026 жылғы 30 сәуір аралығындағы кезеңде 23 шешім және 112 өкім (68 – негізгі қызмет бойынша, 44 – жеке құрам бойынша) қабылданды. Нормативтік құқықтық актілерді зерделеу барысында жоғары дәрежедегі тікелей сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалған жоқ. Дегенмен, 03.04.2026 жылғы «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімі аппаратының қызметтік автокөлігін бекіту туралы» № 23-ө өкімінде мемлекеттік мүліктің мақсатсыз пайдаланылуына және ҚР еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін бірқатар дискрециялық тұжырымдар, құқықтық олқылықтар мен екіұдай түсіндіру тәуекелдері анықталды.
1-тәуекел. Негізсіз артықшылықтар беру (жеке мақсатта пайдалану).
Өкімнің тұжырымдамасы: «қызметтік автокөлікті ауылдық округ әкіміне бекіту». Бұл норма көлікті пайдалану мақсаттарын заңды түрде шектемейді. Оны пайдаланудың тек қызметтік сипаты туралы нұсқаудың болмауы автокөлікті жеке көлік құралы ретінде қабылдау тәуекелін тудырады. Бұл лауазымды тұлғаның мемлекеттік мүлікті жеке мақсаттарына пайдалануы үшін жағдай жасайды.
Ұсынымдар: СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімі аппаратының қызметтік автокөлігін бекіту туралы» № 23-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтағы «қызметтік автокөлікті әкімге бекіту» деген сөздер «лауазымды тұлғалардың қызметтік іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін қызметтік автокөлікті әкім аппаратына бекіту» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-тәуекел. Автокөлікті пайдалану режиміндегі құқықтық олқылық.
Өкімнің қазіргі редакциясында «жұмыс уақытында қатаң түрде мақсаты бойынша пайдаланылсын» деген тұжырым бекітілген. Бұл тұжырымда жасырын сыбайлас жемқорлық факторы бар. Бақылауды тек «жұмыс уақытының» шеңберімен шектеу жұмыстан тыс уақытта автокөліктің бақылаусыз пайдаланылуына жанама түрде жол береді. Сонымен қатар, әкімдік жұмысының ерекшелігі (ТЖ жою, шұғыл шығулар) жұмыс сағаттарын шектеумен емес, жол парақтарымен және жүріс (пробег) лимиттерімен реттелуі тиіс икемді графикті талап етеді.
Ұсынымдар: СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімі аппаратының қызметтік автокөлігін бекіту туралы» № 23-ө өкімінен «жұмыс уақытында» деген шектеуші тұжырым алынып тасталсын. Жұмыстан тыс уақытта, демалыс немесе мереке күндері көлікпен шығуға тек жазбаша өкім негізінде ТЖ жою немесе шұғыл қызметтік міндеттерді орындау үшін ғана жол берілетіні көрсетілсін.
- Чистопол ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- 1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.
Персоналды басқарумен байланысты анықталған тәуекелдер саны 1 (бірлік).
Аппарат ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.
Аппарат коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ құрылымы (Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 34 қаулысымен бекітілген).
Аппарат құрылымына мыналар кіреді:
Ауылдық округ әкімі-1 бірлік
Бас маман - 6 бірлік
Барлығы: - 7 бірлік
Аппараттың құрылтай құжаты Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 32 қаулысымен бекітілген ереже болып табылады.
Талдау жасалып отырған 2025 жылғы 6 мамыр мен 2026 жылғы 30 сәуір аралығындағы кезеңде кадр құрамында мынадай өзгерістер болды: 2025 жылғы 1 қыркүйекте қоныс аударуына байланысты шаруашылық кітаптары жөніндегі бас маман өз еркімен жұмыстан босатылды, оның лауазымына 2025 жылғы 9 қыркүйекте ауысу тәртібімен бас маман-бухгалтер тағайындалды.
2026 жылғы 13 наурызда зейнеткерлікке шығуына байланысты әскери есепке алу үстелінің (ӘЕҮ) бас маманы жұмыстан босатылды.
Лауазымды төмендету жағдайлары болған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін әкім аппаратының барлық әкімшілік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады. Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер мен олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер басқармасына декларацияларды уақтылы тапсырды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әкімшілік қызметкерлер арасында жақын туыстық қатынастар анықталған жоқ.
Тәртіптік практикаға мониторинг жүргізу барысында қызметтік (еңбек) тәртіпті бұзу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Талданып отырған кезеңде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының базасында біліктілікті арттыру курстарынан ауылдық округ әкімі және төрт маман өтті.
Ауылдық округ әкімі және аппарат мамандары екі жылда бір рет «Documentolog» электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті онлайн-курстардан өтіп, кейіннен тестілеуден өтеді.
Көтермелеу тәжірибесін қолдануға қатысты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес қызметкерлерге сыйлықақы беру туралы өкімдер: Тәуелсіздік күні мерекесіне, Халықаралық әйелдер күніне, Халықтар бірлігі күніне тең көлемде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидалары зерделенді.
Ауылдық округ әкімінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 1-ж/қ өкімі негізінде Чистопол ауылдық округі әкімі аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне 2025 жылғы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері бойынша бонустар төленді.
Талданатын объект қызметкерлерінің жеке істерін зерттеу барысында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік қызметшілері атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтарды зерделегеннен кейін, сыбайлас жемқорлық деңгейіне кері әсерін тигізуі мүмкін неғұрлым маңызды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау мақсатында, іске асырылуы кезінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына алғышарттар бар функциялар бөліп көрсетілді және сыбайлас жемқорлыққа бейім функциялардың мынадай үлгілік тізбесі қалыптастырылды:
- Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуы;
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу;
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету;
- Бюджеттік жоспарлау;
- Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
- Мүлікке иелік ету, оны пайдалану және оған билік ету бойынша шешімдер қабылдау;
- Шешімдер қабылдауға әсер ететін есептілікті есепке алу және қалыптастыру (қаржы: мүлікті есепке алу, түгендеу);
- Тіркеу және шақыру бойынша әскери міндеттілермен және әскерге шақырылушылармен жұмыс істеу.
Анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім функцияларды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық деңгейіне кері әсерін тигізуі мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейіне бағалау жүргізілді. Бұл тәуекелдердің іске асырылу салдары шамалы. Талдау жасалып отырған кезеңде анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім функцияларды жүзеге асыру барысында тәуекелдер анықталмағанын атап өткен жөн. Сыбайлас жемқорлыққа бейім функцияларды іске асыру кезінде туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ықтималдығын, туындау жиілігін және әсерін ескере отырып, анықталған тәуекелдердің туындау ықтималдығы төмен және олар толықтай түзетілуі мүмкін.
Ұсынымдар: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды атқаратын тұлғалармен профилактикалық жұмыстар жүргізу.
2.2 Мүдделер қақтығысын реттеу
Мүдделер қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).
Мүдделер қақтығысын реттеу желісі бойынша ішкі талдау жүргізу кезінде мыналардың болуы анықталған жоқ:
- жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен үлестес болуы;
- Мемлекеттік сатып алуды өткізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау кезінде лауазымды тұлғалардың үлестес болуы;
- жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен жұмысы;
- қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзу.
Мүдделер қақтығысын реттеу желісі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).
Аппараттың ресми сайтында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі туралы толық ақпарат орналастырылған. Ақпарат заңнаманың өзгеруіне қарай жаңартылады.
Талданатын кезеңде аппаратпен 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
- «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»;
- «Жер учаскесін алуға кезекке қою»;
- «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату»;
- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».
Талданып отырған кезеңде барлығы 11 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» көрсетілетін қызметі бойынша 6 оң шешім қабылданды.
- «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтар сатып алу» көрсетілетін қызметі бойынша 5 өтініш қаралып, оның 2-еуі бойынша дәлелді бас тартулар рәсімделді. Қызмет көрсету мерзімдері мен тәртібін бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша құжаттар зерделенді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету жағдайлары болған жоқ. Қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсететін округ әкімі аппаратының мамандарының атына шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қандай да бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).
Рұқсат беру функциялары мемлекеттік қызметтер шеңберінде көрсетіледі.
2.5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
Бақылау-тексеру функцияларын іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).
Бақылау-қадағалау функцияларын Аппарат іске асырмайды.
2.6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Бюджет және қаржы қаражатын бөлуге байланысты анықталған тәуекелдер саны _ 0 _ (бірлік).
Бюджетті бекіту және қаржы қаражатын игеру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Мекемеде 7 бюджеттік бағдарлама іске асырылуда. Бюджеттік бағдарламаларды игеру 99,9% құрады.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері мемлекеттік сатып алудың бірыңғай порталында электрондық форматта жүзеге асырылады, бұл оларды өткізу кезіндегі ықтимал тәуекелдерді айтарлықтай төмендетеді. Мемлекеттік аудит органдары тарапынан камералдық бақылау нәтижелері бойынша сатып алуларды қайта қарау фактілері болған жоқ. Өнім берушінің тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету шартынан туындайтын міндеттемелері уақтылы әрі сапалы орындалды. Салықтар мен өзге де төлемдерді төлеу дер кезінде жүргізіледі. Есептер тиісті органдарға (Статистика басқармасы, Мемлекеттік кірістер басқармасы, экономика және қаржы бөлімі) тапсырылады. Талдау мен мониторингті де осы органдар жүргізеді. «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ бюджет қаражатын игеру және бөлу рәсімдеріне бақылауды жүзеге асырады. Барлық есептер тиісті мемлекеттік органдар әзірлеген стандартты нысандар бойынша тапсырылады. Бюджеттік және қаржылық қаражаттың жұмсалуы egov.kz сайтында тұрақты түрде орналастырылып тұрады. Барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер белгіленген нормативтерге сәйкес қажеттілікке қарай сатып алынады. Шарттар конкурста жеңіске жеткен өнім берушімен жасалады. Аффилирленген компаниялар жоқ. Шарттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелер жоқ.Бюджет қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу
Жасалған шарттарда анықталған тәуекелдер саны
жеке және заңды тұлғалар_0_ (бірлік).
«Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚР Заңын және ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын басшылыққа ала отырып, талданып отырған кезеңде мемлекеттік сатып алу бойынша 70 шарт жасасты. Барлық сатып алулар бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар айына екі рет өткізіледі.
Аталған шарттар рәсімделіп, мемлекеттік сатып алудың веб-порталында (www.goszakup.gov.kz) орналастырылған, оның ішінде:
- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 6 шарт;
- Тікелей жасасу арқылы бір көзден – 35 шарт;
- Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден – 12 шарт;
- Ашық конкурс тәсілімен – 3 шарт.
Күші жойылған сатып алулар саны – 0.
Бір көзден шарттар тек ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жасалды (16-баптың 3-тармағының 28-тармақшасы – Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; Заңның 16-бабының 3-тармағының 25-тармақшасы – Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 16-баптың 3-тармағының 1-тармақшасы – табиғи монополиялар аясына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтауды немесе кепілдік беруші электр энергиясын берушімен электр энергиясын сатып алу-сатуды сатып алу).
Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету шартынан туындайтын міндеттемелер бойынша Арман Кенжебекович Шакиевтің тұлғасындағы «Ариант KZ» ЖШС-мен 05.06.2025 жылғы № 31 шарттың 8.3, 8.4-тармақтарына сәйкес шарт бойынша міндеттемелер орындалмады. Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Ариант KZ» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану
Ақпараттық жүйелерді әзірлеуде және пайдалануда анықталған тәуекелдер саны_0__ (бірлік).
Аппаратпен Ақпараттық жүйелерді әзірлеу жүзеге асырылмайды.
Аппараттың қызметі мынадай ақпараттық Е-Otinish, e-license, Documentolog (электрондық құжат айналымы), Мемлекеттік органдардың интернет – ресурстарының бірыңғай платформасы (бұдан әрі – МО ЕПИР). Электрондық құжаттармен жұмысты ұйымдастыру және автоматтандыру электрондық құжат айналымы жүйесі (Documentolog) арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланылатын жүйелерді сүйемелдеуді «ҰАТ» АҚ жүзеге асырады.
2.9. Ұйымдастырушылық-басқарушылық мәселелерден туындайтын өзге де мәселелер қызметі:
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны_0_ (бірлік).
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасы әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Қарау мерзімі сақталады. Өтініштерді есепке алу e-Otinish жүйесінде жүргізіледі. Өткен кезеңде – 28 өтініш, жер және жерді пайдалану, жұмысқа орналастыру және абаттандыру мәселелері бойынша өтініштер тіркелді.
Ауылдық округ әкімі аптасына екі рет жеке қабылдау кестесіне сәйкес қабылдау жүргізеді.
Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ақпаратты жинақтау, талдау және қорыту, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және заңмен шектелмеген өзге де ақпаратты жинақтау және талдау жолымен жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі заңдылық, әмбебаптық және кінәсіздік презумпциясы қағидаттарына негізделген. Деректерді талдау нәтижесі аппарат қызметіндегі ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмен деп бағаланатынын анықтады.
Ұсыныстың жалпы тізімі:
- СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімі аппаратының қызметтік автокөлігін бекіту туралы» № 23-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтағы «қызметтік автокөлікті әкімге бекіту» деген сөздер «лауазымды тұлғалардың қызметтік іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін қызметтік автокөлікті әкім аппаратына бекіту» деген сөздермен ауыстырылсын.
- СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чистопол ауылдық округі әкімі аппаратының қызметтік автокөлігін бекіту туралы» № 23-ө өкімінен «жұмыс уақытында» деген шектеуші тұжырым алынып тасталсын. Жұмыстан тыс уақытта, демалыс немесе мереке күндері көлікпен шығуға тек жазбаша өкім негізінде ТЖ жою немесе шұғыл қызметтік міндеттерді орындау үшін ғана жол берілетіні көрсетілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленсін.
- Жұмыс тобы бір жыл бойы ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізсін.
- Талаптарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы интернет-ресурста орналастырылсын.