Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Чистополь ауылдық округі әкімінің аппараты·Жаңалықтар мұрағаты
2026 жылдың 16 қазанында Чистополье ауылының Мәдениет үйі ғимаратында тұрғындармен eGov Mobile мобильді қосымшасындағы eGovGPT арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың жаңа форматына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Еркін жағдайда өткен кездесу барысында қатысушыларға қажетті мемлекеттік қызметтерді іздеуді жеңілдететін, сондай-ақ оларды алуды азаматтар үшін ыңғайлы әрі қолжетімді ететін цифрлық сервистің мүмкіндіктері туралы айтылды.
Бүгінгі таңда eGovGPT арқылы 55 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін олардың санын 150-ге дейін арттыру жоспарлануда.
Жасанды интеллект технологияларын енгізу цифрлық сервистерді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады, қажетті ақпаратты іздеу уақытын қысқартады және азаматтарға мемлекеттік қызметтер саласында тез бағдарлануға көмектеседі.
Мұндай кездесулер халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алудың заманауи мүмкіндіктері туралы хабардар болуына ықпал етеді.
Электрондық қызметтерді танымал ету бойынша ақпараттық-түсіндіру әңгімесін өткізу кезінде 15 адам қатысты.







