Ашық есік күні

    2026 жылғы 25 қарашада Чистопол ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында Ашық есік күні өтті.
    Іс-шара аясында ауылдық округ тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарымен жүгініп, жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес пен түсініктеме алды.
    Ашық есік күні барысында денсаулық жағдайына және елді мекеннен тыс жерге шыға алмауына байланысты тиісті құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдесуді қажет ететін зейнеткерлерді құжаттандыруға қатысты екі өтініш түсті.
    Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға, халықпен кері байланысты нығайтуға және тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешуге ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Чистополь ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары