
Қарттар күнінде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетті.
Департамент қызметкерлері мен Ардагерлер ұйымының төрағасы Қанатбек Аденов ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтады.
Ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек еткен ардагерлерге Департамент бастығының атынан Алғыс хаттар табысталып, сый-құрмет көрсетілді.
Ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілеп, әрдайым құрмет төрінен көрінуіне тілектестік білдірілді.
Қариясы бар елдің – қазынасы бар.
Ардагерлерге деген құрмет – ұрпаққа үлгі








