Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселесі талқыланды.

    Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселесі талқыланды.

    Қызылорда қаласында тәрбие мен білім беру ұйымдарын лицензиялау мәселесіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шара Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткізіліп, оған мемлекеттік органдардың, білім беру саласының және кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысты.

    Кеңес барысында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібінің енгізілуіне байланысты негізгі талаптар мен ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

    Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы өз құзыреті шегінде білім беру объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету және осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар бойынша түсіндірмелер берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары