
Қызылорда облысы ТЖД ұжымы қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында ел намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болған спортшыларды салтанатты түрде қарсы алды.
Грузияның Кутаиси қаласында 2026 жылғы 24–26 қыркүйек аралығында 18–21 жас аралығындағы спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында Қызылорда облысы ТЖД спортшылары лайықты нәтиже көрсетті.
Жарыс қорытындысында 58 келі салмақ дәрежесінде Болатбек Сания Мұратқызы чемпион атанып, I орынға, ал 57 келі салмақта Аймағанбетов Бәйдібек Нұрғалиұлы III орынға ие болды.
Спортшылардың әлемдік деңгейдегі жетістігі Департамент ұжымы үшін зор мақтаныш. Олардың жеңісі өскелең ұрпаққа спортпен айналысуға, биік мақсаттарға ұмтылуға және ел абыройын асқақтатуға үлгі болады.







