Прокуратура 529 қызметкердің еңбек құқықтарын қорғады

    Шиелі аудандық прокуратурасымен жүргізілген қадағалау барысында білім беру ұйымдарында қызметкерлердің дербес деректерін заңсыз жариялау фактілері анықталды.

    Мемлекеттік сатып алу порталында медициналық тексеру қызметтерін сатып алуға қатысты құжаттарда бірқатар білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты дербес мәліметтер ашық орналастырылған.

    Аталған заң бұзушылықтар 7 білім беру ұйымында анықталып, нәтижесінде 529 қызметкердің еңбек құқықтарына нұқсан келтірілген.

    Прокуратураның қадағалау актісі негізінде дербес деректерді қамтитын мәліметтерді мемлекеттік сатып алу порталынан жою бойынша тиісті шаралар қабылданды.

    Сонымен қатар, дербес деректерді заңсыз жариялаған білім беру ұйымдарының басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – прокуратура органдарының басты бағыттарының бірі.

    Заң талаптарының сақталуы прокуратураның тұрақты бақылауында.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының прокуратурасы" жаңалықтары