Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
(2026 жылғы 12 қазандағы № 1521)барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Орталық сайлау комиссиясы2026 жылғы 29 қарашағамәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады
(2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98).
Аталған сайлаудыңөткізу тәртібі мен шарттары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен егжей-тегжейлі регламенттелген.
Сайлау тағайындалған сәттен бастап Қызылорда облысыныңпрокуратурасы осы сайлау науқанының барлық кезеңдерінде сайлау заңнамасының сақталуынажоғары қадағалаудыжүзеге асырады.
2026 жылғы 1 қарашада сағат 18:00-де ең белсенді кезең –сайлау алдындағы үгітбасталды(2026 жылғы 28 қарашада сағат 00:00-де аяқталады).
Осыған байланыстысайлау алдындағы үгіт– сайлаушыларды белгілі бір кандидатқа, саяси партияға дауыс беруге немесе оларға қарсы дауыс беруге қатысуға ынталандыру мақсатын көздейтін қызмет екенін түсіндіреміз.
Бұл ретте заңнамада кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік беретін және оны қорғайтын, сондай-ақ олар туралы жалған мәліметтерден қорғайтын нормалар көзделген.
Атап айтқанда, депутаттыққа кандидаттарға немесе олардың сенім білдірілген адамдарына, саяси партияларға сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығын іске асыру барысындакедергі келтіргеніүшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің(бұдан әрі – ӘҚБтК) 103-бабындажауаптылық көзделген.
Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлау нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау ӘҚБтК-нің104-бабыбойынша жазаға әкеп соғады.
Өз кезегінде, жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметіне байланысты жазбаша келісімінсізқызметтер көрсетуінетыйым салынады және бұл ӘҚБтК-нің118-бабыбойынша құқық бұзушылық құрамын құрайды.
Аталған Конституциялық заңның27-бабы 9-тармағынасәйкес сайлау алдындағы үгітті сайлаушыларға тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, бағалы қағаздарды тегін немесе жеңілдікті шарттармен ұсынумен, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізумен, ақша төлеумен не осындай игіліктерді беруге уәде етумен ұштастыра жүргізуге детыйым салынады.
Бұл әрекеттерсайлаушыларды сатып алужәне сайлау алдындағы үгітті тиісінше жүргізбеу, оны өткізу шарттарын бұзу ретінде сараланады және ӘҚБтК-нің122-бабының 2-бөлігібойынша жазаға әкеп соғады.
Сайлау науқаны үшін арнайы дайындалған баспа, оның ішінде иллюстрациялық материалдарды, төсбелгілерді, тулар мен жалаушалардытегін таратубұған жатпайды.
Сайлау алдындағы үгітті бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар арқылы жүргізу шарттары осы заңның 27-бабының 7 және 7-1-тармақтарында бекітілгенін ерекше атап өтеміз, оларға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары:
–кандидаттардың,саяси партиялардың сайлау науқанынобъективті жариялауға;
–кандидаттың немесе саяси партияныңар-намысына,қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгітматериалдарыменөзгедеақпаратты жариялауданбастартуға;
–аталған тұлғаларғаар-намысын,қадір-қасиетін және іскерлікбеделін қорғау үшін теріске шығаруды баспа басылымының жақынарадағы нөмірінде теріске шығарылатын хабарлама немесематериалжарияланған көлемде,сол қаріппен және сол орындатегін жариялау мүмкіндігін беруге міндетті.
Осыталаптарды сақтамау ӘҚБтК-нің 112-бабы бойыншажауаптылыққа әкеп соғады.
Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде мынадай құқық бұзушылыққұрамдарыдакең таралған:
–ӘҚБтК-нің 113-бабы бойынша анонимдік үгіттеуматериалдарын,яғни аталған Конституциялық заңның28-бабы 5-тармағындаталап етілген міндетті деректемелері жоқматериалдарды дайындау немесе тарату (барлық үгіттік баспаматериалдарында оларды шығарған ұйым,басып шығарылған орныментаралымы,тапсырыс берген тұлғалар,қандай қаражат есебінен төленгені туралы мәліметтер болуғатиіс).
Бұл талаптаронлайн-платформаларды пайдаланушыларғаолар үгіттеу материалдарын шарт негізінде дайындаған жағдайдақолданылады.
–ӘҚБтК-нің 114-бабы бойынша үгіттеу материалдарынқасақана жою немесе бүлдіру.
–ӘҚБтК-нің 120-бабы бойынша сайлауға байланыстықоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарын бұзу.
Сонымен қатарсотдепутаттыққа кандидаттардың немесеолардың сенім білдірілген адамдарының,саяси партиялардыңбасқа кандидаттыңар-намысыменқадір-қасиетіне нұқсан келтіретінжалған мәліметтер таратуы,сондай-ақ сайлаушыларды сатып алуфактілерін анықтаған жағдайда әкімшілік жауаптылық қанакөзделмейтінін ескеру қажет.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»Конституциялық заңның 104-бабыныңталаптарына сәйкес мұндайқұқық бұзушылықтар тиісті сайлау комиссияларыныңосыкандидаттарды немесе партиялық тізімді тіркеу туралышешімдерінің күшін жоюғанеадамды партиялық тізімненшығаруға әкеп соғады.
Бұл ретте сайлау құқықтарына қол сұғатын барлық құқықбұзушылықтар (ӘҚБтК-нің101–126-баптары) бойынша іс қозғаупрокурордың айрықша құзыретіне жататынын атап өтеміз (ӘҚБтК-нің805-бабы).
Сонымен бірге азаматтар өздерінің сайлау құқықтары бұзылғанжағдайда сотқа тікелей өз бетінше жүгінуге құқылы (ӘҚБтК-нің807-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы).
Бұл жағдайдаосысанаттағы істерді соттар бірден (прокурордыңқаулысыз),бірақ прокурордың міндетті қатысуымен қарайды (сайлауқұқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлық құрамдары бойынша:ӘҚБтК-нің101–126-баптары).
2026жылғы29қарашаға тағайындалған сайлаудың қоғамментұтастайелүшін ерекше маңызыменмәнін ескере отырып, оныөткізу барысында сайлау науқанының барлық қатысушылары заңдабелгіленген талаптарды мүлтіксіз сақтауға тиіс.
Әрбір құқық бұзушылық фактісі бойынша біз заңда көзделгенбарлық құқықтық шараларды қабылдайтын боламыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




