Қызылордада медицина саласында бірлесіп орындаушыларға заңсыз аударылған қаржы кері қайтарылды

    Қызылорда облысының прокуратурасы«Әлеуметтік медициналықсақтандыру қоры» КЕАҚоблыстық филиалында Қор қаражатының игерілузаңдылығына талдау жүргізді.

    Талдау барысында мемлекеттік медициналық ұйымдардың жекемедициналық ұйымдарға–бірлесіп орындаушыларға шартта белгіленгенсомадан артық төлем жасағаны анықталды.

    Атап айтқанда, «Жаңақорған орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК ЖШС-ке2023жылы33,1 млн теңге, 2024жылы6,6 млн теңге, ал «Аралорталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК 2023жылы13,8 млн теңге, 2024жылы18,6 млн теңгеартық қаражат аударған.

    Осылайша,бірлесіп орындаушыға жалпы73 млн теңгенегізсіз төлемжасалған.

    Прокуратураның ұсынысы негізінде заң бұзушылықтар жойылып,жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сотшешімдерімен73 млн теңгетолық көлемде өндірілді.

    Мемлекеттік медициналық ұйымдардың бірлесіп орындаушыларғақаражат аудару заңдылығы Қызылорда облысының прокуратурасыныңбақылауында.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының прокуратурасы" жаңалықтары