
Павлодар облысы полиция департаментінің ресми Instagram парақшасына азаматтан государственный орган басшылығына және патрульдік полиция қызметкері Айдос Байқадамовтың атына алғыс білдірген хат келіп түсті.
Тұрғын Наталия Анисимова полиция қызметкеріне кәсібилігі, жеделдігі және азаматтарға мұқият қарым-қатынасы үшін ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, ата-анасы Ақсу қаласына жақын маңдағы тасжолда жол-көлік оқиғасына тап болған.
Оқиға орнына №1650 патрульдік экипажы келген. Наталияның сөзінше, Айдос Байқадамов жағдайды жедел бағалап, әрі қарай не істеу керектігін түсіндірген. Сондай-ақ ЖКО болған учаскеде көлік қозғалысын сауатты ұйымдастырып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.
– Күйзеліс жағдайында өз жұмысын сенімді әрі кәсіби атқаратын адамды кездестіру өте маңызды, – деп атап өтті өтініш авторы.
Полиция қызметкері үшін мұндай алғыс – оның еңбегіне берілген ең құнды бағалардың бірі. Азаматтардың оң пікірі қызметтік міндеттерді атқару кезінде кәсібилік, сабырлылық және адамға деген ізгі қарым-қатынастың маңыздылығын көрсетеді.
Павлодар облысының полиция департаменті азаматтарға кері байланыс білдіріп, қызметкерлердің жұмысына жоғары баға бергені үшін алғыс білдіреді.






