
Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған қаржы жүйесінің ардагерлерімен – Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бұрынғы қызметкерлерімен салтанатты кездесу өтті. Кездесуге Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова мен Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов қатысты.
Агенттік басшысы кездесуге қатысушыларды мерекемен құттықтап, көп жылғы адал еңбегі және еліміздің қаржы жүйесінің қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтты.
«Сіздерреттеушілерменнарықты одан әрідамытуүшін берік негіз қалап, кадрлықәлеуеттіқамтамасыз ету жолында қажырлы еңбек еттіңіздер.Бүгінгікездесу – кез келген мемлекеттікинституттың орнықты дамуына қажетті сабақтастықпенинституционалдықесте сақтаудың маңызын атап өту мүмкіндігі», – деп атап өттіАгенттікбасшысы.
Агенттік Төрағасы аға әріптестердің кәсіпқойлығы, жауапкершілігі мен адалдығы мамандардың жаңа буыны үшін үлгі болып қала беретінін атап өтті. Кәсіби дәстүрлерді сақтау және жинақталған тәжірибені беру қаржы жүйесін одан әрі дамыту үшін ерекше маңызға ие. Агенттік Төрағасы кездесуге қатысушыларға зор денсаулық, береке-бірлік және ұзақ өмір тіледі.
Кездесу соңында қаржы жүйесінің ардагерлеріне естелік сыйлықтар табысталды.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы









