Саран қаласында Samsung Medison УДЗ жүйелерін өндіру жоспарлануда

    Саран қаласында Samsung Medison УДЗ жүйелерін өндіру жоспарлануда

    Бүгін Қарағанды облысына Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі мен кореялық делегация келді.

    Өңірде Silk Road Electronics және Samsung Medison Co., Ltd. компанияларының ультрадыбыстық диагностикалық жүйелер өндірісін жергіліктендіру жөніндегі бірлескен жобасын іске асыру жоспарлануда. Тиісті шартқа 2026 жылғы 15 қыркүйекте Сеулде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында қол қойылды.

    Өндірісті Саран қаласындағы Silk Road Electronics кәсіпорнының қолданыстағы алаңында орналастыру көзделген. Жоба өндірісті кезең-кезеңімен игеруді, алаңды технологиялық жарақтандыруды және жекелеген өндірістік процестерді жергіліктендіруді қамтиды.

    Бұл алаңда 2025 жылғы тамыздан бері Samsung теледидарлары мен кір жуғыш машиналары сериялық түрде шығарылып келеді. Жаңа жоба өңірдегі жоғары технологиялық өндірісті кеңейтіп, медициналық жабдықтар шығару бағытын дамытуға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" жаңалықтары