Республика күні қарсаңында Қарағанды облысында 2026 жылғы 17–27 қазан аралығында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Осы кезеңде тұтынушыларға түрлі тауарлар төмендетілген бағамен ұсынылады.
Мерекелік ұсыныстардың ең белсенді кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер қолжетімді болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.
Жалпы республикалық науқанның бастамашылары — Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.
Акциялар ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Акцияларға қатысатын сауда нысандары:
«Republic Day»: «Бум», «Таир», «Global City», «City Mall», «ЦУМ», «Арбат», «Абсолют», «Арай», «Абзал», «Проспект», «Каскад», «Акжолтай», «Строймарт», «12 месяцев», «Умай», «Галерея», «Азия», «Реал».
«Bereke Fest»: «Норма», «Аян», «Корзина», «Magnum», «Юма», «Гастроном», «GreenMart», «Фудмарт», «Real», «Оптима», «Южный», «Ёжик», «INMART», «Балмарт».







