Қарағанды облысында болашақ химиктер кәсіпорын базасында заманауи талдау әдістерін меңгеруде

    1 / 6

    «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ студенттері «ALS Казгеохимия» ЖШС базасында практикалық даярлықтан өтуде.

    Ынтымақтастық кәсіптік практиканы өткізу туралы шарт аясында жүзеге асырылуда. Студенттерді даярлауға университеттің физикалық және аналитикалық химия кафедрасы қатысады.

    «Химиялық спектрлік талдау» курсы ағылшын тілінде өткізіледі. Студенттер нақты спектрлік деректерді түсіндіруді, химиялық қосылыстарды сәйкестендіруді, молекулалық құрылымды анықтауды, сапалық және сандық талдау жүргізуді үйренеді. Зерттеудің тиімді әдісін таңдауға және әртүрлі спектроскопиялық әдістер арқылы алынған нәтижелерді кешенді пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді.

    Бағдарлама атомдық-абсорбциялық және атомдық-эмиссиялық спектрометрлерді, инфрақызыл спектрометрді, сондай-ақ портативті рентгенофлуоресценттік анализаторды зерделеуді қамтиды. Практикалық даярлық болашақ мамандарға теориялық білімдерін бекітіп, заманауи зертханалық жабдықтармен танысуға мүмкіндік береді.

    Оқу үлгерімі жоғары студенттер үшін 10 қаңтардан басталатын үш айлық қысқы тағылымдама қарастырылған.

    Кәсіпорын мен университеттің өзара іс-қимылы өңір өнеркәсібіне білікті кадрлар даярлауға ықпал етіп, студенттерге болашақ кәсіби қызметіне қажетті практикалық дағдыларды меңгеруге көмектеседі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" жаңалықтары