Қазақстанда азаматтарға зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейінгі бөлігін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру мүмкіндігін қарастыру көзделіп отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндіргендей, әрбір салымшы басқарушы компанияны да, өзіне қолайлы инвестициялық стратегияны да дербес таңдай алады. Бұл ретте мемлекет кепілдігі мен инвестициялық тәуекелдердің аражігін нақты ажырату көзделеді. Министрліктің ресми материалдарына сәйкес, зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке басқаруға берген жағдайда, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік сақталады. Ал салымшының өзі таңдаған инвестициялық стратегияға байланысты тәуекелдер үшін жауапкершілік оның өзіне жүктеледі. Зейнетақы жинақтарын басқаруға беру талаптары мен мемлекеттік кепілдіктің қолданылу шегі қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес айқындалады. Сондықтан басқарушы компанияны таңдап, шешім қабылдамас бұрын азаматтарға оның инвестициялық стратегиясымен және ықтимал тәуекелдерімен мұқият танысу ұсынылады. қстанда азаматтарға зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейінгі бөлігін жеке басқарушы компаниялардың басқаруына беру мүмкіндігін қарастыру көзделіп отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндіргендей, әрбір салымшы басқарушы компанияны да, өзіне қолайлы инвестициялық стратегияны да дербес таңдай алады.
Бұл ретте мемлекет кепілдігі мен инвестициялық тәуекелдердің аражігін нақты ажырату көзделеді. Министрліктің ресми материалдарына сәйкес, зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке басқаруға берген жағдайда, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік сақталады. Ал салымшының өзі таңдаған инвестициялық стратегияға байланысты тәуекелдер үшін жауапкершілік оның өзіне жүктеледі.
Зейнетақы жинақтарын басқаруға беру талаптары мен мемлекеттік кепілдіктің қолданылу шегі қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес айқындалады. Сондықтан басқарушы компанияны таңдап, шешім қабылдамас бұрын азаматтарға оның инвестициялық стратегиясымен және ықтимал тәуекелдерімен мұқият танысу ұсынылады.









