«Есірткіге қарсы жастар» спартакиадасы Жамбыл облысының оқушыларын біріктірді

    «Есірткіге қарсы жастар» спартакиадасы Жамбыл облысының оқушыларын біріктірді

    «Есірткіге қарсы жастар» спартакиадасы Жамбыл облысының оқушыларын біріктірді

    ⛹️‍♀️Жамбыл облысында әр ауданнан келген оқушылар «Есірткіге қарсы жастар» спартакиадасына қатысты. Жасөспірімдер спорттық сайыстарда өз күштерін сынап, есірткі қылмыстарының салдары туралы кеңінен ақпарат алды.

    ✅Жарыс облыстық «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығының спорт кешенінде өтті. Бағдарлама он кезеңнен тұрды. Оның ішінде эстафеталық жарыстар, секіртпемен секіру және командалық өзге де сынақтар болды. Қатысушылар ептілік пен төзімділіктерін байқатып, бірлесе әрекет етуге және бір-біріне қолдау көрсетуге машықтанды.

    🚔Спорттық жарыстардан бөлек, профилактикалық кездесу ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының мамандары жасөспірімдерге есірткінің зияны және оны насихаттау, жарнамалау, тарату мен сатқаны үшін заңда көзделген жауапкершілік туралы түсіндірді.

    🏆Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар, медальдар және сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға «Есірткісіз болашақ» символикасы бейнеленген естелік жейделер мен бейсболкалар берілді.

    🤝Іс-шараны Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, облыстық «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы, Тараз қаласының Жастар ресурстық орталығы және Наркологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу кеңесінің құрамындағы «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары