Жамбылда полиция ардагерлері құрметке бөленді

    1 / 2

    Жамбылда полиция ардагерлері құрметке бөленді

    10 қараша – Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері күніне орай Жамбыл облысы Полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті.

    Мерекелік шара департамент басшылығы мен ардагерлердің қызметтік міндетін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полицейлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

    Салтанатты жиында ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаев ардагерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ішкі істер органдарының дамуына қосқан үлесі мен өнегелі қызмет жолын атап өтті. Сондай-ақ 70-ке жуық ардагерге құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталды.

    Жиында ардагерлер ұйымының төрайымы Бақыт Төлемісова да ізгі тілегін білдірді. Мерекелік бағдарлама аясында ардагерлердің бейнеқұттықтауы көрсетіліп, өнерпаздар әннен шашу шашты. Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының әртістері «Антқа адалдық – абыройға аманат» атты қойылымын ұсынды.

    Ардагерлер – полиция қызметінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан, кейінгі буынға адалдық пен абыройдың үлгісін көрсеткен тұлғалар. Олардың өнегелі жолы мен қалыптастырған дәстүрлері бүгінгі жас полицейлер үшін әрдайым құнды мұра болып қала береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары