Жамбылда есірткіге қарсы қыздар арасында волейбол турнирі өтті
Жамбыл облысында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында қыздар арасында волейбол турнирі ұйымдастырылды.
Іс-шараны Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңеспен және «Елу жылда ел жаңа» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп өткізді.
Жарыс барысында қатысушылар командалық рух пен спорттық шеберліктерін танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша 45-мектептің командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орын «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының командасына бұйырса, үшінші орын 49-мектеп оқушыларына берілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай бастамалар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, спортқа қызығушылығын арттыруға және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









