Таразда бейнебақылау камерасы мас жүргізушіні анықтады
Таразда бейнебақылау жүйесі Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесуге көмектесті.
3 қараша күні сағат 01:29 шамасында Тәуке хан көшесіндегі "Қазақ хандығы" монументінің алдындағы тұрақ алаңында Жамбыл облысы Полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары ВАЗ-21099 автокөлігінің жанында тұрған бес ер адамның күдікті әрекетін байқады.
Ақпарат дереу полиция жасағына тексеру үшін берілді.
Тексеру барысында 21 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қамалды.
Соттың шешімімен жас жігіт 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.
Бұл жағдай заманауи технологиялар полицияға құқық бұзушылықтарды тіркеп қана қоймай, азаматтардың қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік беретінін тағы да дәлелдейді.
Түнгі жүрістер мен заңсыз әрекеттер назардан тыс қалады деуге болмайды. ЖБО камералары тәулік бойы жұмыс істейді, ал қала көшелеріндегі жағдай үнемі бақыланады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









