Таразда полицейлер есірткі әсеріндегі ер адамның өмірін құтқарып қалды
Ағымдағы жылдың 1 қарашасында сағат 10:00-де Жедел басқару орталығына Тараз қаласындағы көпірдің бірінен белгісіз ер адамның секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері Рустамбек Закарьяев пен Дәулет Бейханов ер адаммен тілдесіп, оны ниетінен қайтаруға тырысты.
Ер адам секіруге әрекет жасаған сәтте полицейлер оны дер кезінде тоқтатып, аман алып қалды.
Оқиғадан кейін ер адам полиция бөліміне жеткізіліп, жеке басы анықталды. Ол облыс орталығының 41 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өсімдік тектес есірткі заты — каннабистің әсерінде болған.
Кейін ол тексеруден өтіп, қажетті медициналық көмек алу үшін мамандандырылған медициналық мекемеге жіберілді.
Полицейлердің жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алып, адам өмірін сақтап қалу мүмкін болды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









