Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған жүргізушілердің қандай жазаға тартылатынын көрсетті

    🚔 Полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған жүргізушілердің қандай жазаға тартылатынын көрсетті

    🚨 Жамбыл облысының полиция қызметкерлері алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару деректерінің жолын кесуге бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шараларды күнделікті жүргізуде.

    🎥 Рейдтік іс-шаралар барысында түсірілген кеудедегі және қызметтік бейнетіркегіштердегі бейнежазбалар Полиция департаментінің ресми парақшаларында жарияланды.

    👮‍♂️ Бейнежазбаларда Тараз қаласының көшелерінде мас күйінде автокөлік басқарған жүргізушілерді анықтау сәттері көрсетілген.

    ⚖️ Құқық бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылданды: олар 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамаққа алынды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары