"Баламыз тыныс ала алмай қалды. Күйеуім екеуіміз бірден ауруханаға шықтық, бірақ кептеліске тап болдық. Бала киімсіз, менің аяғымда шұлық қана болды — біз баланы құтқарудан басқа ештеңені ойламадық. Әр секунд маңызды болды" - 8 қарашада отбасымен төтенше жағдайға тап болған Щучинск тұрғыны осындай естеліктерімен бөлісті.
Кішкентай балаға шұғыл медициналық көмек қажет болды. Ата-ана ауруханаға мүмкіндігінше тез жетуге тырысқанымен көлік ағыны олардың жедел жүруіне кедергі болды. Осы кезде Әуезов көшесінде аға инспектор, полиция капитаны Бекжан Ескендір және оның әріптесі — инспектор, полиция кіші лейтенанты Нұржан Құрманғожиннен тұратын патрульдік экипаж болды. Полицейлер көліктен қолында баламен жүгіріп шыққан әйелді байқады.
Жағдайды бағалай отырып, полиция қызметкерлері дереу көмекке келді. Олар әйел мен сәбиді қызметтік көлікке отырғызып, жыпылықтайтын маяктар мен дыбыстық сигналды қосып, жедел түрде ауруханаға жеткізді.
Кейінірек әйел Instagram әлеуметтік желісінде полиция қызметкерлеріне алғыс сөздерін жариялады.
"Сіздер бізге көмекке мұқтаж болған сәтте көмектестіңіздер. Біз сіздердің әрекеттеріңізді ешқашан ұмытпаймыз! Жанашырлығыңыз бен адамгершілігіңіз үшін тағзым...",- деп жазды облыс тұрғыны.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олардың қызметтік тәжірибесінде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай сәттерде жағдайды тез бағалау, дүрбелеңге түспеу және жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қажетті шараларды қабылдау өте маңызды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









