Бүгінгі сіздерге зейнетақымен қамсыздандырудың маңызды мәселерінің бірі – жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде зейнетақы мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ескерілетін еңбек өтіліне ғана емес, зейнетақы тағайындау үшін ұсынылған орташа айлық табысқа да байланысты болатын атап айтамыз.
Зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар зейнетақы тағайындау туралы өтінішті тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға тапсырады
Құжаттарды қабылдайтын халыққа қызмет көрсету орталығының маманы « цифрлық үкімет » шлюзі арқылы тиісті цифрлық жүйелерге сұраныстар қалыптастырады .
Цифрлік жүйе жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүргізілген ең тиімді орташа айлық табыс мөлшерін анықтау , сондай - ақ көрсетілген кезең үшін аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жүргізілген әлеуметтік аударымдар мөлшеріне сәйкестігін айқындайды . Сондықтан зейнетақыны рәсімдеу кезінде өтініште көрсетілген орташа айлық табыс кезеңінің дұрыстығын тексеру керек.
Орташа айлық табыс қатарынан кез келген үш жыл ішіндегі табыстыңжалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы айқындалады .
Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 55 еселенген мөлшерден аспауы тиіс . Ағымдағы жылы ол 237,875 теңгені құрайды.
Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде табыс орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарының аударымдары , мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтермен расталады
Егерде зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдер сәйкес келмеген жағдайда , қызмет алушы :
Жұмыс берушіге (бухгалтерияға немесе кадр бөліміне) —жүгінуі қажет.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









