📝Азаматтармен ашық диалог жалғасуда

    1 / 3

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің СҚО қаласы бойынша департаментінде азаматтарды қабылдау өтті.Қабылдауды Департамент басшысы Манабаева Гүлбахыт Хакимовна өткізді.
    Кездесу барысында құрылыс объектілерінің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету және объектілерді пайдалануға беру кезінде белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы декларацияларды келісу мәселелері талқыланды.
    Сонымен қатар, кедергісіз орта қалыптастыру және азаматтардың барлық санаты үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің шешілу жолдары қарастырылып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.

    Департамент басшысының қабылдау уақыты: Аптаның әр сейсенбісі, сағат. 15.00-ден 17.00-ге дейін

    Басшының қабылдауына жазылу үшін 46-10-65 нөміріне хабарласыңыз; сондай-ақ «E-Otinish» жүйесіндегі жеке кабинетіңіз арқылы да жазылуға болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары