Тұщықұдық пен Шебірдегі өзекті мәселелер зерделенді

    1 / 12

    Тұщықұдық пен Шебірдегі өзекті мәселелер зерделенді

    Аудан әкімі Ерғали Скендиров жұмыс сапарымен қос ауылдағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.

    Аудан әкімі Тұщықұдық ауылының әкімдігі жанындағы өрт сөндіру пунктіне барды. Құтқарушылардың жабдықталуы мен еңбек жағдайы талқыланып, жалақыны көтеру жолдарын қарастыру тапсырылды.
    Дәрігерлік амбулаторияның жылыту жүйесін жаңарту және қасбетін жөндеу, Мәдениет үйінің концерт залы орындықтарын жаңарту, ақауларды жою және кітапханаға қосымша орын қарастыру мәселелері көтерілді.
    Сонымен қатар 2000 жылдан бері жиналған тұрмыстық қалдықтарды тазалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру қажеттігі назарға алынды.

    Шебір ауылындағы спорт залы күрделі жөндеуді қажет етеді. Алдымен техникалық зерделеу жүргізіп, жөндеудің тиімділігін анықтау тапсырылды. Егер тиімсіз болса, жаңа спорт кешенін салу мүмкіндігі қарастырылады.
    Балабақшада спорт залы, акт залы, қойма және асхана қарастырылмаған.
    Ғимаратқа қосымша құрылыс салу мүмкіндігін қарастыру қажет.
    Амбулаторияның жылу жүйесі тексеріліп, қасбетін ретке келтіру және техникалық ақауларды жою үшін сметалық құжаттама әзірлеу міндеттелді.
    Ал «Дария» су тарату орталығында бұрынғы жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру, мердігер жауапкершілігін қарау және ақауларды жоюға жаңа смета әзірлеу тапсырылды.

    Сапар қорытындысы бойынша жауаптыларға әр мәселені жан-жақты зерделеп, нақты шешу жолдарын ұсыну тапсырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар