Алматы облысы Балқаш ауданының Бақанас ауылындағы Балқаш ауданының Жастар ресурстық орталығында жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар мен белсенді жастардың қатысуымен «Жастар ортасындағы радикалдану тәуекелдері және экстремистік идеологиядан қорғану жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, олардың теріс діни ағымдардың ықпалына түсуінің алдын алу және дұрыс дүниетаным қалыптастыру.
Кездесу ақпараттық-түсіндіру және ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, интернет кеңістігінде таралатын діни ақпараттың барлығы бірдей сенімді бола бермейтіні айтылып, азаматтарға тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне сүйенудің маңыздылығы түсіндірілді.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің ақпараттық мәдениетін арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және білім беру ортасында профилактикалық жұмыстардың тиімділігін күшейтуге ықпал етеді.
Материал Алматы облысының Терроризмге қарсы комиссиясының ақпараты негізінде дайындалды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









