Спорт пен руханият – жарқын болашақ кепілі

    Жасөспірімдер – қоғамның болашағы әрі түрлі ақпараттық ықпалдарға бейім келетін әлеуметтік топтардың бірі. Әсіресе, спорттық ортада тәрбиеленіп жүрген жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың дүниетанымын қалыптастыру, діни сауаттылығын арттыру және жат идеологиялардың ықпалынан қорғау маңызды.

    Осы тұста, терроризм мен экстремизмнің алдын алу, жас спортшылар арасында радикалды көзқарастардың таралуына жол бермеу және олардыңбойларына теріс идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында Кентау қаласындағы №1 жасөспірімдер спорт мектебінде және Түркістан қаласындағы №1 жасөспірімдер спорт мектебінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесу барысында спикерлер спортшылар мен жаттықтырушыларға терроризм мен экстремизмнің мағынасын, олардың қоғам мен жас ұрпаққа тигізер зиянын түсіндіріп, дін атын жамылған радикалды идеологиялардыңқауіпті тұстарына тоқталды.

    Қазіргі уақыттағы экстремистік және террористікидеологиялардың таралу ерекшеліктері, интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын манипуляциялық тәсілдер, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті сақтау талаптары туралы сөз қозғалды.

    Қызметкерлерге күмәнді материалдарды ажырату, жалған экстремистік және террористік сипаттағы контенттің негізгі белгілері туралы түсіндірілді.

    Кездесу аясында арнайы шақырылған аудандық насихаттық топ мүшелері: «Терроризмге қарсы тұру тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, бұл – әрбір саналы азаматтың ортақ жауапкершілігі», - деп ой толғады.

    Жиын соңында қатысушыларды ақпараттық кеңістіктегі кез-келген күдікті контенттерден сақ болып, тек расталған көздерден ақпарат алуға шақырды.

    Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар берілді.

    Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары