Ақмола облысында 12 жылдан кейін миллион теңгенің ұрлығы ашылды

    Атбасар ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 2014 жылдың шілдесінде жасалған бір миллион теңге ұрлығының күдіктісін анықтады.
    Қылмыстық іс материалдары бойынша, күндіз белгісіз адам жергілікті тұрғынның үйіне ашық терезе арқылы кіріп, 1 000 000 теңге көлемінде ақша ұрлап кеткен.
    Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Алайда қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болмады. Осыған қарамастан, полицейлер ұрлыққа қатысы барларды анықтау жұмысын тоқтатпады.
    12 жылдан кейін, 2026 жылдың қазан айында жедел қызметкерлер болжамды қаскөйдің жеке басын анықтады. Ол Степногорск қаласының 35 жастағы тумасы болып шықты.
    Күдіктінің айғақтарына сәйкес, Атбасарда ол терезесі ашық үйді байқап, ішке кіріп, ақшаны ұрлап кеткен.
    Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары