10 тәулікке әкімшілік қамақ: көлік басқару құқығы жоқ жүргізуші қайта рөлге отырған
Түнгі патрульдеу барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған BMW 320 автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарды тексеру кезінде көлік тізгінінде жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғаны үшін бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 29 жастағы азаматтың отырғаны анықталды.
Алайда қолданыстағы шектеуге қарамастан, ол қайтадан көлік басқарған.
Аталған дерек бойынша полицейлер қажетті материалдарды жинақтап, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолдады.
Сот қаулысымен жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Полиция көлік басқару құқығынан айырылған адамның қайтадан рөлге отыруы заң талаптарын өрескел бұзу болып саналатынын және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









