Самар ауданында Бастаушы ауылдық округінің қайта сайланған әкімі таныстырылды

    1 / 3
    Сайлау қорытындысы бойынша Самар ауданы Бастаушы ауылдық округінің әкімі болып Арман Болатбекұлы Кенесбеков қайта сайланды.
    Самар ауданының әкімі Серік Женисов ауыл активіне қайта сайланған әкімді таныстырды. Кездесу барысында алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарын белгілеп, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындарды толғандырған мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.
    Кездесу кезінде ауыл ақсақалдары тұрғындарды алаңдатқан бірқатар өзекті мәселені көтерді. Атап айтқанда, жолдарды жөндеу, Көкжота ауылын сумен қамтамасыз ету және электрмен жабдықтау мәселелері сөз болды.
    Аудан әкімі көтерілген барлық мәселелер жеке бақылауында екенін атап өтті. Оларды шешу қолда бар мүмкіндіктер мен басымдықтарды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
    Арман Болатбекұлы Кенесбеков 1984 жылғы 4 сәуірде Самар ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған.
    Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. 2013 жылға дейін №27943 әскери бөлімінде зениттік дивизионның зениттік-зымырандық взвод командирі қызметін атқарған.
    2020 жылы Көкпекті ауданы әкімдігінің «Самар» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына жұмысқа орналасып, басшының орынбасары қызметін атқарды.
    2022 жылғы 21 желтоқсанда Бастаушы ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Кезекті сайлау қорытындысы бойынша тұрғындар оған тағы да сенім білдірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Самар ауданының әкімдігі" жаңалықтары