Самар ауданында «Қыс – 2026» оқу-жаттығуы өтті

    1 / 5

    Самар ауданында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Қыс – 2026» кешенді оқу-жаттығуы өткізілді.

    Оқу-жаттығуға азаматтық қорғау қызметтерінің барлық бөлімшелері, полиция қызметкерлері, медициналық қызмет өкілдері, коммуналдық ұйымдар мен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға жұмылдырылатын басқа да мекемелер қатысты.

    Іс-шара барысында қыс мезгілінде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға жедел ден қою, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының дайындығы, сондай-ақ шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталды.

    Әсіресе адамдарды эвакуациялау алгоритміне, тұрғындарды қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерге көшіруді ұйымдастыруға және оларға қажетті көмек көрсету тәртібіне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар арнайы техникалар мен жабдықтардың қысқы кезеңдегі күрделі ауа райы жағдайында жұмыс істеуге дайындығы тексеріліп, барлық жұмылдырылған бөлімшелердің үйлесімді әрекет ету мәселелері қарастырылды.

    Мұндай оқу-жаттығулар қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға қызметтердің дайындығын тексеруге және төтенше оқиғалар кезінде бірлескен іс-қимылдардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Самар ауданының әкімдігі" жаңалықтары