Алакөл ауданында ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді
2026 жылғы 6 қарашада «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету және 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 18-тармағын орындау аясында Жағатал, Бескөл, Ақтүбек және Қайнар ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесу өткізілді.
Кездесуге Алакөл ауданының прокуроры С. Байбатыров, Ақсу ауданаралық мәжбүрлеп орындату бөлімінің басшысы, аға сот орындаушысы Ш. Жағипарова, «QORGAU» жобасының құқық қорғаушысы, заң кеңесшісі Г. Молдахметова, нотариус А. Капашева, аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқық бөлімшесінің басшысы Р. Омарбекова, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар жер қатынастары, атқарушылық іс жүргізу және өзге де құқықтық мәселелер бойынша сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауаптар мен заң аясындағы кеңестер алды.
Сонымен қатар тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, көтерілген мәселелерді шешу жолдары бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңгерлік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









