Алакөл ауданында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 311-ші ерікті өртке қарсы құралым ашылды

    1 / 9

    Алакөл ауданында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 311-ші ерікті өртке қарсы құралым ашылды

    Жетісу облысы Алакөл ауданының Көктұма ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 311-ші ерікті өртке қарсы құралымның ашылу рәсімі өтті.

    Жаңа өрт сөндіру бекеті Көктұма, Ақши ауылдары мен Көктұма станциясын қоса алғанда, үш елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

    Бекеттің қызмет көрсету аумағында 2 430 тұрғын бар. Ал курорттық маусым кезінде бұл аумақта бір мезетте 25–35 мыңға дейін адам болуы мүмкін.

    Ерікті өртке қарсы құралымның ашылуы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, елді мекендердің өрт қауіпсіздігін күшейтуге, тұрғындар мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алакөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары