Алакөл ауданында автомобиль жолдарын қысқы кезеңге дайындау мәселелері қаралды

    Алакөл ауданында автомобиль жолдарын қысқы кезеңге дайындау мәселелері қаралды

    Алакөл ауданында республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен Үшарал қаласының көшелерін қысқы кезеңде күтіп ұстау мәселелері бойынша арнайы штаб отырысы өтті.

    Жиында жол қызметтерінің қысқы маусымға дайындығы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға инертті материалдар мен тұз қорын толықтыру, арнайы техникаларды дайындыққа келтіру, уақытша жол белгілерін уақтылы орнату және қар басу қаупі жоғары учаскелерді бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Берілген тапсырмалардың орындалуы бақылауда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алакөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары