Софияда Қазақстан Президентінің Жолдауы талқыланды

    1 / 4

    София, 2026 жылғы 4 қараша– Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінде Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Болгарияның сарапшылар мен академиялық қауымдастықтың, БАҚөкілдері, сондай-ақ «Қазақстан достары клубының» мүшелері қатысты.

    Қазақстанның Елшісі Виктор Темірбаев 28 қазандағы Жолдаудың негізгі мәтінімен таныстырып, оның конституциялық және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің жаңа кезеңінде елдің одан әрі дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.

    «Халықтық құрылыс» жалпыұлттық бағдарламасына, инфрақұрылымды жаңғыртуға, көлік дәліздерін, энергетика мен ауыл шаруашылығын дамытуға, экономиканы цифрландыруға және жасанды интеллектіні енгізуге ерекше назар аударылды. Дипломат азаматтардың әл-ауқатын арттыру мен мемлекеттік басқаруды жетілдіру де басым міндеттер екенін атап өтті.

    Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің Шығыс тілдері мен мәдениеттері орталығының аға зерттеушісі Камен Величков Жолдаудың Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңнің басталуын білдіретінін және саяси жүйедегі ауқымды өзгерістерден кейін елді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту міндеттері алдыңғы қатарға шығатынын атап өтті. Ол сондай-ақ жаһандық белгісіздік жағдайында Қазақстанның тұрақты дамуының үш негізгі тірегін: экономикалық тұрақтылықты, заманауи инфрақұрылымдыжәне технологиялық дамудыатап көрсетті.

    Novinata.bg жаңалықтар порталының жетекшісі Кристина Тенева мен Fakti.bg журналист Милена Богданова өз басылымдарында Жолдаудың қалай жария етілгені туралы айтып, Болгария жұртшылығын Қазақстанда болып жатқан өзгерістерден хабардар етудің маңызын атап өтті.

    Болгар журналистері одағының төрайымы Снежана Тодорова Қазақстан мен Болгария арасындағы достық байланыстарды нығайтудағы БАҚ-тың рөлін атап өтті. Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан реформалар туралы жарияланымдар жергілікті оқырмандарға Қазақстанның қазіргі даму үдерістерін жақсырақ түсінуге көмектеседі.

    Талқылау барысында болгар сарапшылары Қазақстанда реформалардың дәйекті түрде жүргізіліп жатқанын атап өтіп, елдің тұрақты дамуы үшін құқық үстемдігінің, тиімді мемлекеттік институттардың, білім мен ғылымның маңызына тоқталды. Жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару мен ауыл шаруашылығында қолдану перспективалары ерекше қызығушылық тудырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Болгария Республикасындағы Казақстан Республикасының Елшілігі" жаңалықтары