Софияда Қазақстанның Республика күніне орай концерт пен салтанатты қабылдау өтті

    1 / 7

    София, 2026 жылғы 23 қазан– Республика күні қарсаңында және Қазақстан Тәуелсіздігінің 35-жылдығыаясындаҚазақстанның Болгариядағы Елшілігі СофияныңОрталық әскери клубындамерекелік концерт пен салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Қонақтар алдында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Forte Trio»Мемлекеттік триосы өнер көрсетті.

    Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаевөзініңқұттықтау сөзінде еліміздің тәуелсіздік тарихындағы басты табыстарынатап өтіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары мен 2026 жылы жаңа Конституцияның қабылдануының маңызын атап көрсетті. Дипломат сондай-ақ Қазақстанның бейбітсүйгіш және көпвекторлы сыртқы саяси бағытына назар аударып, дәстүрлі достыққа негізделген ҚазақстанменБолгария қатынастарынбұданәрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

    Болгария Сыртқы істер министрінің орынбасары Христо Полендаков қазақтарапынРеспублика күнімен құттықтап, достық пен өзара құрметке негізделгенекіжақтықатынастардыңдәйекті түрде нығайып келе жатқанын атап өтті. ОлҚазақстан мен Болгария арасындағыынтымақтастықты, соның ішінде мәдени-гуманитарлық саладағыәрекеттестіктіодан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан халқына бейбітшілік, бақ-береке және өркендеу тіледі.

    Іс-шараға Болгария Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, қазақ диаспорасы мен БАҚ өкілдері, Халық жиналысының ( парламенттің) депутаттары және дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.

    Көрермендержоғары шеберлік танытқан қазақстандық музыканттардың өнерін жылы қабылдады. Салтанатты қабылдау аясында қатысушыларға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.

    Аталған кешекіел арасындағы мәдени диалог пен достықты нығайтудың жарқын үлгісіне айналып, Болгария жұртшылығының Қазақстанның тарихына, мәдениетіне және қазіргі жетістіктеріне артып келе жатқан қызығушылығын растады.

    «Forte Trio» мемлекеттік триосын 2013 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, пианист Т.Урманчеев құрған. Шығармашылық қызметі жылдарында ұжым Берлин филармониясын, П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, Париждегі Корто залын және Лиондағы Мольер залын қоса алғанда, беделді халықаралық сахналарда өнер көрсетіп, шетелде Қазақстанның музыка өнерін таныстырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Болгария Республикасындағы Казақстан Республикасының Елшілігі" жаңалықтары