София, 2026 жылғы 19 қазан–Қазақстанның Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Көлік және коммуникациялар министрі Георги Пеевпен кездесу өткізді.
Сұхбаттасушылар Софияда өткенЭкономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Болгария үкіметаралық комиссиясының 5-отырысы( 2025 жылғы 20 мамыр) және Румен Радевтің Болгария Президенті қызметін атқарған кезеңдегі Қазақстанға ресми сапары ( 2025 жылғы 9 маусым) екіжақты қатынастардың дамуына қосымша серпін бергенін атап өтті.
Әңгіме барысында Қазақстан мен Болгария арасындағы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен әлеуеті талқыланды. Еуропа, Оңтүстік Кавказ, Орталық Азия және Қытай арасындағы жүк тасымалын қамтамасыз етудегі рөлінің артып келе жатқанын ескере отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға ерекше назар аударды. Сондай-ақ тараптар халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.
Екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу және халықаралық автомобиль тасымалы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері, соның ішінде рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын ұлғайту мәселесі жеке қарастырылды.
Өз кезегінде, Г.Пеев Болгарияның Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдар үшін көлік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайтуға мүмкіндіктері бар екенін атап өтіп, ТХКБ дамыту мақсатында Қазақстанмен өзара іс-қимылды жандандыруға дайын екенін білдірді. Министрдің бағалауынша, осы бағыттағы ынтымақтастықты кеңейту өзара сауданың өсуіне ықпал етеді.
Кездесу соңында тараптар барлық өзекті мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.
2025 жылы екі елдің көлік министрліктері арасында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат шеңберіндегі уағдаластықтар терминалдардың порттық қуаттарын дамыту жобаларын да қамтиды.
Сондай-ақ Болгарияның ең ірі порт операторларының бірі – «BMF Port Burgas» Орта дәліздің қауымдастырылған мүшесі болып табылады.







