Әңгіме барысында экономика құрылымын нығайту және шикізаттық емес секторды әртараптандыру, Қазақстанның өнеркәсіптік саясатын жетілдіру жөнінде бастамалар сөз болды. Сарапшылар шетелдік инвестициялар ағынын көбейту және жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау тәсілдерін ұсынды.
Өңірлердің өнеркәсіптік мамандануын дамытуға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге және стратегиялық инвесторларды тартуға назар аударылды. Сондай-ақ жеке капиталдың қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға айтылған ұсыныстарға талдау жүргізуді тапсырды.








