Алакөл ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    «Алакөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік органы аудан әкімінің ұйымдастыру құқықтық, ақпараттық – талдау, консультативтік және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Құрметті Алакөл ауданының тұрғындары!

    Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2026 жылғы 30 қазанда сағат 09.00-де Алакөл ауданы әкімдігі ғимаратының 1-қабатында ( Үшарал қаласы, Д.Қонаев көшесі, 74) аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (72833) 2-15-09 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазыла аласыз. Сондай-ақ сағат 10.00-де облыс әкімі З. Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында (Үшарал қаласы, Д.Қонаев көшесі, 76) аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді. Кездесудің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y = сілтемесі бойынша жүргізіледі.

    30 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ҚҰРМЕТТІ АЛАКӨЛДІКТЕР ЖӘНЕ АТБЕГІ АЗАМАТТАР!

    ҚҰРМЕТТІ АЛАКӨЛДІКТЕР ЖӘНЕ АТБЕГІ АЗАМАТТАР! Ұлттық спортты ұлықтап, жүйрік ат пен сәйгүлікті серік еткен азаматтарды дүбірлі додаға шақырамыз! 2026 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 10.00-де Алакөл ауданы әкімінің қолдауымен «Көкиірім» атшабарында ұлттық ат спорты түрлерінен Алакөл ауданының чемпионаты өтеді! Додада ат спорты түрлерінен жүйріктер бақ сынайды: 🏇 «АЛАМАН» БӘЙГЕ – 21 шақырым 🏇 «ҚҰНАН» БӘЙГЕ – 9 шақырым 🏇 «ТАЙ ЖАРЫСЫ» – 5 шақырым Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сертификаттар табысталады! «АЛАМАН» БӘЙГЕ: 🥇 І орын – 500 000 теңге 🥈 ІІ орын – 300 000 теңге 🥉 ІІІ орын – 200 000 теңге IV орын – 100 000 теңге V орын – 100 000 теңге «ҚҰНАН» БӘЙГЕ: 🥇 І орын – 400 000 теңге 🥈 ІІ орын – 300 000 теңге 🥉 ІІІ орын – 200 000 теңге IV орын – 100 000 теңге «ТАЙ ЖАРЫСЫ»: 🥇 І орын – 300 000 теңге 🥈 ІІ орын – 250 000 теңге 🥉 ІІІ орын – 150 000 теңге IV орын – 100 000 теңге V орын – 50 000 теңге Атбегі азаматтар! Сәйгүліктеріңізді сайлап, дүбірлі додаға қосылыңыздар! Жарысқа қатысу ережеге сәйкес жарна төлеу арқылы жүзеге асырылады. Толық ақпарат бойынша: 📞 8 (705) 599-27-63 26 қыркүйек. «Көкиірім» атшабары. Тұлпарлар тұяғынан дүбір естілетін, нағыз жүйріктің бағы сыналатын күн! Келіңіздер! Көріңіздер! Ұлттық спорттың дүбірін бірге тамашалайық! Ұйымдастырушылар: Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі және «Алакөл ауданының ұлттық ат спорты» федерациясы.

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    БЖЗҚ» АҚ Жетісу облыстық филиалы мекен жайы ауысты

    БЖЗҚ» АҚ Жетісу облыстық филиалы (бұдан әрі — Филиал) Сізге 2026 жылғы 31 наурыздан бастап Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 149 мекенжайында орналасқан филиалдың өз қызметін тоқтататынын хабарлайды. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап Салымшы (Алушыларға) қызмет көрсету Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 150 мекенжайы бойынша жүзеге асырылатын болады. Қор бөлімшелерінің өзекті тізімін www.enpf.kz ресми сайтындағы «Байланыс» бөлімінен, сондай-ақ БЖЗҚ call-орталығының 1418 қысқа нөмірі арқылы білуге болады.

    30 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Наурыз айындағы мереке күндерінде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

    Наурыз айындағы мереке күндерінде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы наурыз айындағы мереке күндеріне байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесін хабарлайды. 8 және 9 наурыз – барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді. Наурыз мерекесі: 21, 22, 23 және 24 наурыз – демалыс күндері. 25 наурыз – кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау: 09:00–13:00. Өзге жұмыс күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі кестеге сай жұмыс істейді. Кезекші бөлімшелердің өзекті тізімін: gov4c.kz сайтынан, Instagram парақшасынан, 📞 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

    19 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    17 наурыз – Шаңырақ күні

    17 наурыз – Шаңырақ күні Наурызнама онкүндігі аясында аталып өтетін Шаңырақ күні – отбасы бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын ұлықтайтын ерекше мереке. Қазақ халқы үшін шаңырақ – тек үйдің күмбезі ғана емес, ол – береке мен бірліктің, мейірім мен сыйластықтың киелі нышаны. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша шаңырақ әр отбасының татулығын, үлкенге құрмет пен кішіге қамқорлықты білдіреді. Сондықтан бұл күн – отбасылық құндылықтарды дәріптеп, ағайын-туыс пен жақын жандардың бір-біріне ізгі тілектерін арнайтын тағылымды күн. Осындай мәнді мереке халықты жақындастырып, шаңырақтың шайқалмай, берік болуын, әр үйде шаттық пен береке орнауын тілейді. Әр шаңыраққа амандық, бірлік пен мол бақыт тілейміз! ✨

    17 наурыз 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Бизнесті дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік гранттарды мемлекет «Бизнес жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері ( К әсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы) арқылы береді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар гранттар беруге арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады. Конкурс бюджет қаражаты болған жағдайда жылына кемінде 2 рет өткізіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі облыстың өңірлік апта сайынғы баспа басылымында бизнес-идеяларды қаржыландыруға мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн.теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды.

    Сұрақ

    Балабақшадан орын алу үшін баланы кезекке қою қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Балабақшадан орын алу үшін баланы кезекке қою Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 254 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою е-zhetysu.kz порталы арқылы жүзеге асады. Сайтқа сілтеме: http://e-zhetysu.kz Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен тіркеліңіз (ЭЦҚ). Кезекке өтінімді 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 бұйрыққа сәйкес бересіз және сіз көрсеткен телефон нөміріне немесе электронды поштаға кезек нөмірі көрсетілген хабарламаны күтіңіз. Өтініш берушіге: 1) кезекке қоюға өтініш беру, берілген өтінішті өзгерту, кезектен өтінішті қайтарып алу, мектепке дейінгі ұйымға берілген жолдаманы алу және жою, жолдаманың қолданылу мерзімін ұзарту, өтініш пен жолдаманың өзгеруі туралы хабарламаны алу; 2) жылына бір рет мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделілігін растау; 3) босаған орындар туралы ақпаратты зерделеу және мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға электрондық жолдаманы алу; 4) кезектілікті басқару жүйесінде үшінші тұлғаларға бермей, жеке кабинеттегі есептік мәліметтерді сақтау мүмкіндігі беріледі. Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жалпы кезек елді мекенге (қала, ауыл, кент) тиістілігі бойынша, балалардың туған жылы бойынша және әр туған жылы үшін өз кезегі қалыптастырылады. Кезектердегі өтініштер өтініш берушінің өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады. Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі бір елді мекенде мектеп жасына дейінгі кезеңде кезекке кемінде 3 (үш) рет тұра алады. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс немесе бірінші кезекте жолдама алған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдағанда бір ай өткен соң жалпы кезекке тұрады және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алады. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың ата-анасы немесе заңды өкілі растайтын құжаттары болған жағдайда бір мезгілде бірнеше кезекте – жалпы кезекте, арнайы, санаториялық мектепке дейінгі ұйымға кезекте тұра алады. Өтініш беру және кезекте болу үшін баланың жасы ағымдағы оқу жылында 1 қыркүйекте 6 жастан аспайды (психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардан, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 6 жасқа толмаған балалардан басқа). Басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдағанда, бала мектепке дейінгі ұйымнан шығарылады және баланың ата-анасы немесе заңды өкілі мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға кезекке тұру үшін өтініш береді. Кезектегі өтініштер: 1) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 52-бабының 3-тармағына сәйкес және "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 78-бабының 8-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардан кезектен тыс орын алуға құқығы бар балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері келіп түскенде; 2) "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес педагогтердің балаларының; заңды өкілдері мүгедектер болып табылатын балалардың; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім балалардың; көп балалы отбасылардан шыққан балалардың; ерекше білім беруді қажет ететін балалардың; мүгедек баласы бар отбасындағы балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің мектепке дейінгі ұйымдардан бірінші кезекте орын алу үшін өтініштері келіп түскенде; 3) өтініштің жеңілдік мәртебесі өзгергенде; 4) өтінішті кері қайтарып алу нәтижесінде кезектен алынғанда; 5) жолдама берілгенде; 6) өтінішті тоқтату парағына, архивке орналастырғанда; 7) өтініш беруші мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделі болмаған жағдайда жаңартылады. Кезектердегі өтініштер әрбір топтың ішінде бір-біріне қатысты өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады. Кезектен тыс орын алу бойынша өтініштер бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштердің алдына қойылады. Бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштер жалпы негізде берілген өтініштердің арасында "үшеуге біреу" арақатынасында бөлінеді (басымдығы бар өтініш бірінші кезекте құқығы жалпы негізде берілген үш өтініштен кейін орналастырылады).

    Сұрақ

    Баспанаға кезекке тұру тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі -Заң) 71-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармақшасына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды бөлек тізім бойынша есепке алады: - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; - Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; -"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға -Халықтың әлеуметтiк аз қамтылған топтарына -Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; -Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, көпбалалы аналарға, жетімтер мен ата-ана қамқорлығынсыз өскен балаларға бірінші кезекте алуға кепілдік береді.

    Сұрақ

    Оқуға грант қалай бөлінеді?

    Жауап

    "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына, Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес 2017 жылдан бастап облыстың еңбек нарығы қажеттіліктері бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары тағайындалады.

    Сұрақ

    Мектепке құжаттар өткізу тәртібін түсіндіріп берсеңіз.

    Жауап

    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру мекемелеріне қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтінішті қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімшелері немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және қағаз жүзінде білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады. Балаларды бірінші сыныпқа алу үшін қажетті құжаттар келесідей: Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан); Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт); 3 х 4 см 2 фотосурет.

    Сұрақ

    Баспана кезегін электронды түрде қалай қадағалауға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде – тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде белгіленген олардың кезектілігін көрсете отырып жариялауға міндетті. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды. Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.

    Ақпарат

    Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

    ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

    Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алакөл ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар

    Алакөлауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттар туралы АҚПАРАТ

    Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттар туралы АҚПАРАТ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алакөл ауданында нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстылығына қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде

    Алакөл ауданында нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстылығына қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде

    Жарияланды: