
ҚҰРМЕТТІ АЛАКӨЛДІКТЕР ЖӘНЕ АТБЕГІ АЗАМАТТАР!
Ұлттық спортты ұлықтап, жүйрік ат пен сәйгүлікті серік еткен азаматтарды дүбірлі додаға шақырамыз!
2026 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 10.00-де Алакөл ауданы әкімінің қолдауымен «Көкиірім» атшабарында ұлттық ат спорты түрлерінен Алакөл ауданының чемпионаты өтеді!
Додада ат спорты түрлерінен жүйріктер бақ сынайды:
🏇 «АЛАМАН» БӘЙГЕ – 21 шақырым
🏇 «ҚҰНАН» БӘЙГЕ – 9 шақырым
🏇 «ТАЙ ЖАРЫСЫ» – 5 шақырым
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сертификаттар табысталады!
«АЛАМАН» БӘЙГЕ:
🥇 І орын – 500 000 теңге
🥈 ІІ орын – 300 000 теңге
🥉 ІІІ орын – 200 000 теңге
IV орын – 100 000 теңге
V орын – 100 000 теңге
«ҚҰНАН» БӘЙГЕ:
🥇 І орын – 400 000 теңге
🥈 ІІ орын – 300 000 теңге
🥉 ІІІ орын – 200 000 теңге
IV орын – 100 000 теңге
«ТАЙ ЖАРЫСЫ»:
🥇 І орын – 300 000 теңге
🥈 ІІ орын – 250 000 теңге
🥉 ІІІ орын – 150 000 теңге
IV орын – 100 000 теңге
V орын – 50 000 теңге
Атбегі азаматтар!
Сәйгүліктеріңізді сайлап, дүбірлі додаға қосылыңыздар!
Жарысқа қатысу ережеге сәйкес жарна төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Толық ақпарат бойынша:
📞 8 (705) 599-27-63
26 қыркүйек. «Көкиірім» атшабары.
Тұлпарлар тұяғынан дүбір естілетін, нағыз жүйріктің бағы сыналатын күн!
Келіңіздер! Көріңіздер!
Ұлттық спорттың дүбірін бірге тамашалайық!
Ұйымдастырушылар:
Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
және «Алакөл ауданының ұлттық ат спорты» федерациясы.